"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 13 қарашадағы қорытындысы негізінде, Шыңғырлау ауданының әкімдігі және мәслихатының ұсынуы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мынадай ауылдары мен ауылдық округтері қайта аталсын:
Белогор ауылы - Ақтау ауылы;
Белогор ауылдық округі - Ақтау ауылдық округі;
Полтава ауылы - Ардақ ауылы;
Полтава ауылдық округі - Ардақ ауылдық округі;
Лубен ауылы - Ақшат ауылы;
Лубен ауылдық округі - Ақшат ауылдық округі;
Тасмола ауылы - Ақбұлақ ауылы.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік –құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Сессия төрағасы |
А.Көлгінов | М. Байжанов |
Облыстық мәслихат хатшысы | М.Құлшар |