Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.02.2019 № 45 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда №17583 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
И.Стексов |
2018 жылғы 26 қарашадағы № 270 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Тауарлы балық өнімдерінің түрі | Акваөсіру өнімінің көлемі, кг | Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 кг өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, кг | Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, кг | 1 кг өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген сомасы, теңге | Субсидия соммасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Бекіре және оның буданы | 10 900 | 1,5 | 16 350 | 285 | 1 398 |
2 | Тұқы және оның буданы | 27 190,5 | 4,0 | 108 762 | 105 | 3 426 |
Барлығы | 4 824 |
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
кг – килограмм.