Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 138 "Орал қаласы бойынша 2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 504 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 наурызда № 5098 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орал қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 138 "Орал қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 тіркелген, 2017 жылғы 2 наурыздағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде және 2017 жылғы 1 наурыздағы "Пульс города" газетінде жарияланған) қаулысының сының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (Қ.Айткалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері Эталондық бақылау банкінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С.Нұржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
А.Қайсағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады