Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 25.07.2024 № 123 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 88 "Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларында:
"2. Балаларды тасымалдау тәртiбi" деген бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.".
2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қайырғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Рахымжанов |