Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылының атаусыз көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 40 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 тамызда № 5317 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сайқын ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Сайқын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылының атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:

      "5У" көшесі – "Астана" көшесі.

      2. Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Л.Анесова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сайқын ауылдық округі әкімі М.Аккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады