Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сайқын ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Сайқын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылының "Подстанция" көшесі - "Хиуаз Доспанова" көшесі деп қайта аталсын.
2. Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Л.Анесова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сайқын ауылдық округі әкімі | М.Аккалиев |