Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 18.04.2019 № 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2018 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн.
2. Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 252 "Зеленов ауданы бойынша 2017 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4792 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.З.Көбенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Залмұқановқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | А.Шахаров |
2018 жылғы 23 сәуірдегі № 286 Зеленов ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша |
Зеленов ауданы бойынша 2018 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері | оңтайлы мерзімдері | |
3 құрғақ дала аймағы | |||
басталуы | аяқталуы | ||
1. | Жаздық арпа | 2018 жылғы 25 сәуір | 2018 жылғы 5 мамыр |
2. | Сұлы | 2018 жылғы 25 сәуір | 2018 жылғы 5 мамыр |
3. | Жаздық бидай | 2018 жылғы 10 мамыр | 2018 жылғы 25 мамыр |
4. | Күнбағыс | 2018жылғы 5 мамыр | 2018 жылғы 15 мамыр |
5. | Тары | 2018 жылғы 20 мамыр | 2018 жылғы 25 мамыр |
6. | Күздік бидай | 2018 жылғы 15 тамыз | 2018 жылғы 10 қыркүйек |
7. | Мақсары | 2018 жылғы 10 мамыр | 2018 жылғы 25 мамыр |