2019 жылға егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 296 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 5638 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 25.01.2021 № 24 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Зеленов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 286 "Зеленов ауданы бойынша 2018 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5183 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Залмукановқа жүктелсiн.

      6.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Бәйтерек ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 296 қаулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері

оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1.

Жаздық арпа

2019 жылғы 25 сәуір

2019 жылғы 10 мамыр

2.

Сұлы

2019 жылғы 25 сәуір

2019 жылғы 10 мамыр

3.

Жаздық бидай

2019 жылғы 10 мамыр

2019 жылғы 25 мамыр

4.

Күнбағыс

2019 жылғы 5 мамыр

2019 жылғы 15 мамыр

5.

Тары

2019 жылғы 20 мамыр

2019 жылғы 25 мамыр

6.

Күздік бидай

2019 жылғы 15 тамыз

2019 жылғы 10 қыркүйек

7.

Мақсары

2019 жылғы 10 мамыр

2019 жылғы 25 мамыр


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады