Зеленов ауданы бойынша 2017 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 252 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 4792 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 286 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 23.04.2018 № 286 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2017 жылғы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн.

      2. Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 "Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 мамырдағы "Сатып Алу Ақпарат" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Д.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Шауеновке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Тугузбаев

  2017 жылғы 4 мамырдағы № 252
Зеленов ауданы әкімдігінің
қаулысына
қосымша

Зеленов ауданы бойынша 2017 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық арпа

2017 жылғы 5 мамыр

2017 жылғы 15 мамыр

2

Сұлы

2017 жылғы 5 мамыр

2017 жылғы 15 мамыр

3

Жаздық бидай

2017 жылғы 10 мамыр

2017 жылғы 25 мамыр

4

Күнбағыс

2017 жылғы 5 мамыр

2017 жылғы 25 мамыр

5

Тары

2017 жылғы 20 мамыр

2017 жылғы 1 маусым

6

Күздік бидай

2017 жылғы 15 тамыз

2017 жылғы 10 қыркүйек

7

Мақсары

2017 жылғы 10 мамыр

2017 жылғы 25 мамыр


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады