Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 қазандағы №15-2 "Казталов ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4948 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Кажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ.Алтаев |
Мәслихат хатшысы | С.Мулдашев |