2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата - ананың төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 70 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 5076 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 18.03.2019 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 47 "2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4714 тіркелген, 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Жакупов

  Теректі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 19 ақпандағы № 70
қаулысымен бекітілген

2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ананың төлемақысының мөлшері

Р-с №

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі білім ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3- жасқа дейін (көп емес)

3- жастан 7- жасқа дейін (көп емес)

Бөбекжай (жергілікті бюджет)

1.

Федоров ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақ желкен" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

107

29 459

8 360

8 910

2.

Федоров ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

70

29 304

8 360

8 910

3.

Аңқаты ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

40

46 013

8 360

8 910

4.

Пойма ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

35 788

8 360

8 910

5.

Долинный ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Назерке" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

28

48 854

8 360

8 910

6.

Шағатай ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

60

37 050

8 360

8 910

7.

Сарыөмір ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өркен" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

68

36 980

8 360

8 910

8.

Ақжайық ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

123

32 637

8 360

8 910

9.

Покатиловка ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызғалдақ" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

30

50 044

8 360

8 910

10.

Ұзынкөл ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бүлдіршін" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

31

46 328

8 360

8 910

11.

Подстепное ауылы

"Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" бөбекжай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

290

21 839

8 360

8 910


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады