2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 5153 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 01.04.2019 № 112 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 154 "2017 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4806 тіркелген, 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Теректі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Уалиевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Жакупов

  2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91
Теректі ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1.

Жаздық арпа

15 сәуір

30 сәуір

2.

Сұлы

15 сәуір

30 сәуір

3.

Тары

10 мамыр

20 мамыр

4.

Күнбағыс

25 сәуір

5 мамыр

5.

Мақсары

1 мамыр

15 мамыр

6.

Жаздық бидай

1 мамыр

15 мамыр

7.

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек


Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2018 год

Постановление акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 3 апреля 2018 года № 91. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 13 апреля 2018 года № 5153. Утратило силу постановлением акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 1 апреля 2019 года № 112

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Теректинского района Западно-Казахстанской области от 01.04.2019 № 112 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 марта 2004 года "Об обязательном страховании в растениеводстве" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить оптимальные сроки начала и завершения посевных работ на территории района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства Теректинского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Теректинского района от 16 мая 2017 года № 154 "Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2017 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4806, опубликованное 6 июня 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. Государственному учреждению "Аппарат акима Теректинского района" обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Уалиева Л.Ж.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района К.Жакупов

  Приложение к постановлению
акимата Теректинского района
от 3 апреля 2018 года № 91

Оптимальные сроки начала и завершения посевных работ на территории района по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Виды продукции растениеводства

Оптимальные сроки

3 зона сухостепная

начало

завершение

1.

Ячмень яровой

15 апреля

30 апреля

2.

Овес

15 апреля

30 апреля

3.

Просо

10 мая

20 мая

4.

Подсолнечник

25 апреля

5 мая

5.

Сафлор

1 мая

15 мая

6.

Пшеница яровая

1 мая

15 мая

7.

Пшеница озимая

15 августа

10 сентября