2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 112 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 5602 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91 "2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5153 тіркелген, 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Теректі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Н.Досмаковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы 1 сәуірдегі № 112
Теректі ауданы әкімдігінің
каулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2019 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1.

Арпа

25 сәуір

5 мамыр

2.

Сұлы

25 сәуір

5 мамыр

3.

Тары

10 мамыр

20 мамыр

4.

Күнбағыс

5 мамыр

15 мамыр

5.

Мақсары

5 мамыр

15 мамыр

6.

Жаздық бидай

5 мамыр

15 мамыр

7.

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады