Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 03.04.2018 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2017 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 91 "2016 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірдегі "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. "Теректі ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Уалиевке жүктелсін.
6. Осы қаулы 2017 жылдың 12 мамырынан бастап орын алған құқықтық қатынастарға тарайды және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мукаев |
2017 жылғы 16 мамырдағы № 154 Теректы ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына қосымша |
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша аудан аумағында 2017 жылға егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері | Оңтайлы мерзімдері | |
3 құрғақ дала аймағы | |||
басталуы | аяқталуы | ||
1. | Жаздық арпа | 12 мамыр | 22 мамыр |
2. | Сұлы | 13 мамыр | 23 мамыр |
3. | Жаздық бидай | 12 мамыр | 27 мамыр |
4. | Күнбағыс | 12 мамыр | 2 маусым |
5. | Тары | 20 мамыр | 1 маусым |
6. | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек |
7. | Мақсары | 12 мамыр | 27 мамыр |