Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 22-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 5280 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 39-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 17.02.2020 № 39-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігінде (кіріспеде) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Жарлығына" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қағидасының 3 – қосымшасында бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері - 300 000".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В.Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2018 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Насипов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Ә.Нұрғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары                                          Б. Қонысбаева
2018 жыл 26 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады