"Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18184 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, 2015 жылы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      көрсетілген стандартқа 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      Министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына 1-қосымша
  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
  шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
мемлекеттік меншік
бъектілерін сауда-саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік
мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар

      1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде

      1. Объекті бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) Объектінің сәйкестендіру нөмірі (ID):

      2) жекешелендіру объектісінің түрі:

      акциялар (акционерлік қоғам (бұдан әрі - АҚ);

      үлес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі - ЖШС);

      мүліктік кешен;

      машиналар мен жабдық;

      жылжымайтын мүлік;

      жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);

      өзгелер;

      көлік;

      3) сатушы;

      4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;

      5) объектінің мәртебесі:

      жекешелендірілуде;

      белсенді емес;

      жекешелендірілген;

      сауда-саттықтан алынған;

      6) объектіні бұғаттау:

      еркін;

      алып тастауға жатады;

      7) меншік нысанының коды (бұдан әрі - МНК):

      республикалық;

      коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);

      коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);

      коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

      8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің түріне қарай).

      2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:

      1) бағалаушының атауы;

      2) есептің нөмірі;

      3) есептің күні;

      4) бағалау құны, теңге;

      5) бағалау күні.

      3. Объекті бойынша құжаттар беттерге таратылған, "объектініңэлектрондық деректеріне" енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:

      1) объектінің құжаттары;

      2) жер бойынша құжаттар;

      3) фотоальбом.

      2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі - МББ) жарияланған, жекешелендіру объектісін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламалар жөніндегі ақпаратты қарап шығу кезінде

      1. МББ-ның атауы.

      2. Жарияланымның нөмірі мен күні.

      3. Сауда-саттық өткізудің уақыты мен күні.

      4. Сауда-саттық нысаны.

      5. Сауда-саттық түрі.

      6. Кепілдік жарна.

      7. МББ-да жарияланған хабарландырудың мәтіні:

      1) мемлекеттік тілде;

      2) орыс тілінде.

      3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде

      1. Сауда-саттық нысаны:

      1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);

      2) тікелей атаулы сатылым;

      3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);

      4) қор биржасы.

      2. Сауда-саттықтың әдісі.

      3. Қосымша шарттар.

      4. Сауда-саттықтың күні мен уақыты.

      5. Алғашқы баға, теңге.

      6. Кепілдік жарна, теңге.

      7. Өсу/төмендеу коэффициенті.

      8. Бастапқы баға, теңге.

      9. Ең төменгі баға, теңге.

      10. Сауда-саттық мәртебесі:

      1) өткізілген жоқ;

      2) болмайды;

      3) өткізілді;

      4) сауда-саттық күтілуде.

      Ескертпе:

      ID;

      АҚ;

      ЖШС. 

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2019 жылғы 10 қаңтардағы
  № 7 бұйрығына 2-қосымша
  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
  1-нысан

Мемлекет бақылайтын акционерлік коғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған нысан

      1. "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" (бұдан әрі – БСН) өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Тең;

      Тең емес;

      Кіреді;

      Кірмейді;

      Қамтиды;

      Басталады;

      Аяқталады.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      2. "Атауы (орыс тілінде)" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Тең;

      Тең емес;

      Кіреді;

      Кірмейді;

      Қамтиды;

      Басталады;

      Аяқталады;

      Сөздерді қамтиды.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      3. "Ұйымдық-құқықтық нысан" (бұдан әрі – ҰҚН) өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      АҚ;

      Жабық акционерлік қоғам (бұдан әрі - ЖАҚ);

      Ашық акционерлік қоғам (бұдан әрі - ААҚ);

      Мемлекеттік мекеме;

      Жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ЖМК);

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - ШМК);

      Еншілес кәсіпорын (бұдан әрі - ЕК);

      Басқа да коммерциялық ұйымдар;

      Басқа да коммерциялық емес ұйымдар;

      Өкілдік;

      ЖШС;

      Филиал.

      4. "Бұғаттау" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) белсенді;

      2) қашықтағы.

      5. "Аумақ" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Қазақстан:

      Ақмола облысы;

      Ақтөбе облысы;

      Алматы облысы;

      Алматы қ.;

      Астана қ.;

      Шымкент қ.;

      Атырау облысы;

      Шығыс Қазақстан облысы;

      Жамбыл облысы;

      Батыс Қазақстан облысы;

      Қарағанды облысы;

      Қостанай облысы;

      Қызылорда облысы;

      Маңғыстау облысы;

      Павлодар облысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы;

      Түркістан облысы.

  2-нысан

      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған нысан

      1. Объектіні қарау кезінде

      1) Объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

      Объектінің сәйкестендіргіші;

      БСН;

      Салық төлеушінің тіркеу нөмірін (СТТН);

      Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (КҰЖЖ);

      Атауы (орыс тілінде).

      2) Қосымша мәліметтер:

      Атауы (қазақ тілінде);

      ҰҚН;

      МНК (4-деңгей);

      МНК;

      Қаржыландыру көзі;

      Мемлекеттік тіркеу №;

      Мемлекеттік тіркеу күні;

      Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      Мәртебесі;

      Бұғаттау;

      Мемлекеттік басқарма органы;

      Меншік иесі;

      Сала (1-деңгей);

      Сала (4-деңгей).

      3) Қосымша:

      Байланыс:

      Бірінші басшы;

      Бас бухгалтер;

      Ел;

      Индекс;

      Облыс;

      Аймақ;

      Елді мекен, үй, пәтер;

      Телефон;

      Факс;

      E-mail;

      Веб-сайт.

      4) Мекенжай тіркелімі

      Мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК);

      Республика;

      Облыс;

      Аудан;

      Ауылдық округ;

      Ауыл (село);

      Көше;

      Мекенжай.

      5) Тәуелді ұйымдар:

      Бағынысты;

      Құрылған.

      6) Жарғылық капитал

      Жарғылық капитал, теңге (АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);

      Мемлекеттік салымы, теңге;

      Мемлекеттік қатысуы, %;

      Мемлекеттік пакеті, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін);

      Тіркеуші;

      Бос салымы, теңге

      Бос акциялары, дана (тек АҚ (ЖАК, және ААҚ үшін);

      Қарыздағы акциялары, дана (тек АҚ (ЖАҚ және ААҚ үшін).

      7) Негізгі сәйкестендіргіштер;

      8) Мемлекеттiк кәсiпкерлiк

      Мәртебесі;

      Бұғаттау;

      Жоспарлы күні;

      Іс жүзіндегі күні;

      Ескертпе;

      Жарғы бойынша қызмет түрі;

      Саланың коды ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);

      Сала ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);

      Келісілген күні;

      Шығару күні.

      9) Сыртқы интеграциялары:

      Жылжымайтын мүлік объектілері:

      Объекттің түрі;

      Қор;

      Жер телімінің алаңы (гектар);

      Қабат саны;

      Пайдалы алаң (шаршы метр);

      Құрылыс алаңы (шаршы метр);

      Объекттің облысы;

      Объекттің ауданы;

      Құқық түрі;

      Жылжымайтын мүлік түрі;

      Функционалдық мақсаты;

      Мекенжайы.

      Объектінің кадастрлық нөмірі;

      Бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      Кадастрлық нөмір;

      Жаңартылған күні;

      Пайдалануға беру жылы

      Салық салынатын құн (теңге);

      Операция күні;

      Ауыртпалықтардың болуы туралы мәлімет;

      Тыйым салудың болуы туралы мәлімет.

      10) Электрондық дерекнама

      Аудиторлық есептер;

      ҚШҚ бойынша құжаттар;

      Өзге де құжаттамалар;

      Басқару органдарының шешімдері;

      Құрылтай құжаттары.

      11) Есептер:

      АҚ (ЖАҚ, ААҚ), ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:

      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;

      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есеп;

      Ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;

      Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындау жөніндегі есеп;

      Мемлекеттік мүлік тізбесіне ұсынылған акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;

      Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясын орындау жөніндегі есеп;

      Ұйымдармен сыртқы және ішкі қарыздарды тарту туралы тоқсан сайынғы ақпарат;

      Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыздары және өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2019 жылғы 10 қаңтардағы
  № 7 бұйрығына 3-қосымша
  "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша

Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген, мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған нысан

      1. "Жекешелендіру объектісінің түрі" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) акциялар (АҚ);

      2) үлес (ЖШС);

      3) мүліктік кешен;

      4) машиналар мен жабдық;

      5) жылжымайтын мүлік;

      6) жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);

      7) өзгелер;

      8) көлік.

      2. "Бұғаттау" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және сұрау жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) жекешелендірілуде;

      2) жекешелендірілген;

      3) алынып тасталған.

      3. "МНК" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      Кіреді;

      Кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді

      таңдаймыз:

      1) республикалық меншік;

      2) коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана);

      3) коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қала);

      4) коммуналдық жергілікті өзін-өзі басқару;

      5) Қазарнаулыэкспорт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады