2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамада белгіленген тәртіппен:
1) ) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялану және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген |
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заң) 57-1-бабына сәйкес әзірленді және соманы:
1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;
2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасын;
3) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайдағы өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.
2. Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңның 57-1-бабының нормалары таралмайтын салық төлеушілерге осы Қағидалардың ережелері қолданылмайды.
2-тарау. Өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару тәртібі
1-параграф. Кіріспе
3. Дербес шоттарды түгендеу мақсатында, оның ішінде көрсетілген күнге дербес шотында салықтың сол түрі және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша өсімпұл және (немесе) айыппұл бойынша берешегі бар салық төлеушілерде 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 102-бабында белгіленген тәртіпте есепке жатқызуды жүргізу арқылы 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында болған бересі сомасын толық көлемде төлеген салық төлеушілерді іріктеу үшін мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық төлеушінің дербес шоттарын жүргізу орны бойынша Бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын дербес шоттан есептен шығару бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
4. Комиссия құрамына:
1) салық төлеушілерді есепке алуды және дербес шоттарды жүргізуге жауапты;
2) салық төлеушілерді тіркеу үшін жауапты;
3) берешектермен жұмыс үшін жауапты;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құқығы бар;
5) салықтық аудит үшін жауапты;
6) заң қызметінің лауазымды тұлғалары кіреді.
Комиссияны мемлкеттік кірістер органының басшысы немесе басшының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.
5. Комиссия ол құрылған күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін дербес шоттарды түгендеуді жүргізеді.
2-параграф. 2018 жылғы 1 қазанынан бастап, төлеген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген түгендеудің қорытындысы бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында, көрсетілген күнге олардың дербес шотында өсімпұл бойынша берешегі болған бересі сомасы толық көлемде 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі мерзімінде төлеген салық төлеушілер анықталған кезде мемлекеттік кірістер органы осындай салық төлеушілер анықталған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересіні төлеген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім (бұдан әрі - Шешім) шығарады.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында болған, сондай-ақ төленген күнді қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі мерзімде төленген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатады. Бұл ретте салықтың сол түрі және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша өсімпұл сомасы есептен шағаруға жатады.
2018 жылғы 1 қазанынан бастап төленген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге төленген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептеу мысалы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Мемлекеттік кірістер органының Шешіміне Комиссия мүшелері және төраға қол қояды.
7. Комиссиямен Шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей есепке алуды және дербес шоттарды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалар Шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығаруды жүргізеді.
Есептен шығару дербес шотының "Жазба (енгізу) жүргізілетін операцияның және құжаттың мазмұны" деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің дербес шотының "Өсімпұл бойынша есептеу" - "Есептелді (төмендетілді)" деген бағандарында көрсету арқылы жүргізіледі:
"20____ жылғы _____________________ "____" салық төлеушінің дербес шотынан өсімпұл сомасын есептен шығару туралы № ____ Шешім".
3-параграф. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі төленген салықтың сол түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, ӘҚБтК сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыпұл сомасын есептен шығару
8. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген түгендеу қорытынды бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында, көрсетілген күнге олардың дербес шотында айыппұл бойынша берешегі болған бересі сомасы толық көлемде 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңінде төлеген салық төлеушілер анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құқығы бар лауазымды тұлға Комиссия ұсынған салық төлеушілердің тізімін ескере отырып, үш жұмыс күн ішінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы қаулыны шығару арқылы ӘҚБтК-ның 889-бабына сәйкес әкімшілік жазаны орындаудан салық төлеушіні босатады және қаулының орындалуын қысқартады.
9. Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының орындалуы қысқартылған және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 889-бабына сәйкес әкімшілік жазаны орындаудан босатылған салық төлеушілердің тізімі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады және қаулының орындалуы қысқарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей айыппұл бойынша берешек сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару үшін салық төлеушінің дербес шотын және еспеке алуды жүргізуге жауапты мемлекеттік кірістер органның құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
Бұл ретте айыппұл сомасы бересі төленген салықтың сол түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша есептен шағарылады.
Есептен шығару дербес шотының "Жазба (енгізу) жүргізілетін операцияның және құжаттың мазмұны" деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің дербес шотының "Өсімпұл бойынша есептеу" - "Есептелді (төмендетілді)" деген бағандарында көрсету арқылы жүргізіледі:
"20____ жылғы _____________________ "____" № ____ Әкімшілік жазаға тарту туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы қаулы".
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген айыппұл сомасы 2018 жылғы 1 қазанға дейін ішінара төленген жағдайда осындай қаулы бойынша салынған және 2018 жылғы 1 қазанға дейін төленген айыппұл сомасы арасындағы айырмасы есептен шығаруға жатады.
4-параграф. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайларда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару
10. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайда салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзгерген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы еркін нысандағы өтінішті мемлекеттік кірістер органға ұсынады.
Салық кодексінің 49-бабы 7-тармағымен қарастырылған оларды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерінің орындалу мерзімін өзгерту кезінде салықтарды және (немесе) төлемдерді уақтылы төлемегені үшін салық төлеушіні босату жағдайын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі мерзімде төленген кезеңде 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтық міндеттеменің төленген сомасына есептелген өсімпұл сомасы да есептен шағарылуға жатады.
Бұл ретте өсімпұл сомасы төленген бересі бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндеттеменің сол түрі бойынша есептен шағарылады.
Мемлекеттік кірістер органы салықтар немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелердің мерзімінен бұрын толық көлемде орындалу фактісі расталған кезде өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей Шешім шығарады.
Өсімпұлды есептен шығару Қағиданың 7-тармағында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Салық төлеушінің өтінішін қарау нәтижесі "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңымен (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіпте мемлекеттік кірістер органымен жолданады.
11. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі оңалту жоспарын немесе осындай жоспарға өзгертулер мен толықтырулар бекіту туралы заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайларда салық төлеуші еркін нысандағы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Салықтық міндеттемелердің толық көлемде орындалуына байланысты оңалту жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңды күшіне енген сот актісінің дерекетері көрсетілген өтініш еркін нысанда жолданады.
Салықтың немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша төленген салықтық міндеттемелерді мерзімнен бұрын толық көлемде орындау фактісі расталған кезде өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы Шешім шығарады, тиісінше лауазымды тұлғалар Комиссия ұсынған салық төлеушілерді ескере отырып үш жұмыс күні ішінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы қаулыны шығару жолымен ӘҚБтК-ның 889-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданудан салық төлеушіні босатады және қаулының орындалуын қысқартады.
Өсімпұлды есептен шығару Қағиданың 7-тармағында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Айыппұлды есептен шығару Қағиданың 9-тармағында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Салық төлеушінің өтінішін қарау нәтижесі мемлекеттік кірістер органымен Заңда белгіленген тәртіпте жолданады.
5-параграф. Берісіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы есепті ұсыну тәртібі
12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері айсайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы есепті ұсынады.
Бұл ретте түпкілікті есеп 2020 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылады.
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларына 1-қосымша нысан |
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы № ____ шешім
__________________________________ | 20__ жылғы "__" ________ |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-1-бабына сәйкес, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересінің толық көлемде төленгенін ескере отырып, мына салық төлеушілер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында болған, сондай-ақ көрсетілген бересі сомасына 2018 жылғы 1 қазаннан бастап төленген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге есептелген өсімпұл сомасын есептеп шығарылсын:
теңге
р/с | Салық төлеушінің ЖСН/БСН-і | Салық төлеушінің атауы | БСК | 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша болған бересі сомасы | 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес есеп шотында болған өсімпұл сомасы | Бересіні толық төлеген күні | Бересі сомасына 2018 жылғы 1 қазаннан бастап төленген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге есептелген өсімпұл сомасы | Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы (6-графа + 8-графа) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Жиыны | Х | Х | Х |
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
Комиссия мүшелері _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларына 2-қосымша |
Төленген бересінің сомасына 2018 жылғы 1 қазаннан бастап төленген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге есептелген өсімпұл сомасы есебінің мысалы
Салық төлеушінің 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында болған бересі сомасы 500 000 теңгені құрайды, 500 000 теңге мөлшерінде бересі сомасының төлемі мынадай тәртіпте жүргізілді:
- 2018 жылғы 25 қазанда - 50 000 теңге;
- 2018 жылғы 25 қарашада - 150 000 теңге;
- 2018 жылғы 25 желтоқсанда - 200 000 теңге;
- 2019 жылғы 25 қаңтарда - 100 000 теңге.
2018 жылғы 1 қазаннан бастап төленген күнді қоса алғанда, оны төлеген күнге дейінгі кезеңге бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 28 наурызында жарияланған) бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидалардың 127-тармағында белгіленген формула бойынша мынадай түрде есептелінеді:
1. 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2018 жылғы 25 қазанға дейінгі кезеңге 500 000 теңге сомасына бересі есебі жүргізіледі;
2. 2018 жылғы 26 қазаннан бастап 2018 жылғы 25 қарашаға дейінгі кезеңге 450 000 теңге сомасына бересі есебі жүргізіледі;3. 2018 жылғы 26 қарашадан бастап 2018 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі кезеңге 300 000 теңге сомасына бересі есебі жүргізіледі;
4. 2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 25 қаңтарға дейінгі кезеңге 100 000 теңге сомасына бересі есебі жүргізіледі;
5. 2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 25 қаңтарға дейінгі кезеңге есептелген бересі сомасын жинақтау жүргізіледі, оның жиыны осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-бағанына көшіріледі.
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларына 3-қосымша нысан |
Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының орындалуы қысқартылған және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 889-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолдануды орындаудан босатылған салық төлеушілердің тізімі 2018 жылғы "___" _______ 2018 жылғы "___" _______ дейінгі кезең
теңге
р/с | Салық төлеушінің ЖСН/БСН-і | салық төлеушінің атауы | Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы | БСК | 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотта болған бересі сомасы | 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға айыппұл бойынша берешек сомасы | 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген бересіні толық төлеген күні | Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы қаулы | ||
күні | № | күні | № | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
Комиссия мүшелері _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларына 4-қосымша нысан |
Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы есебі 2018 жылғы "___" _______ 2018 жылғы "___" _______ дейінгі кезең ___________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)
теңге
р/с | Мемлекеттік кірістер органының коды | Салық төлеушінің ЖСН/БСН-і | Салық төлеушінің атауы | БСК | 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген бересі сомасы | Бересіні толық төлеген күні | Өсімпұл сомасын есептен шығару туралы мәлімет | Айыппұл сомасын есептен шығару туралы мәлімет | Бөліп төлеу/мерзімін кейінге қалдыру немесе оңалту | ||
күні | сомасы | күні | сомасы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жиыны | Х | Х | Х | Х | Х | Х | Х |
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)