Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 ақпанда № 18264 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 10.11.2022 № 140 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 10.11.2022 № 140 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 31 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 10.11.2022 № 140 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын (бұдан әрі – Мемлекеттік сыйлықтар) алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереженің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

2-тарау. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар

      2. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын жұмыс (бұдан әрі – жұмыс) түптелген томдар түрінде, қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық нұсқада, бір данада ұсынылады. Бірінші және екінші томды ұсыну міндетті болып табылады, бар болған жағдайда кейінгі томдар еркін нысанда ұсынылады. Ұсынылған құжаттардың қағаз және электрондық нұсқалары бірдей болуы тиіс. Электронды нұсқада құжаттар атауы көрсетілген жеке файлдармен ұсынылады.

      3. Жұмысқа бір парақта 2 (екі) данада келесі талаптар қойылған қысқаша ақпарат қоса тіркеледі:

      парақтың алдыңғы бетінде:

      жұмыстың атауы;

      ұсынып отырған ұйымның толық атауы;

      авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жұмыс орындары, лауазымдары, ғылыми дәрежелері мен атақтары (бар болған жағдайда);

      парақтың артқы бетінде:

      жұмыстың қысқаша мазмұны, оның негізгі ғылыми-техникалық идеясы, өндіріске енгізу нәтижелері, гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар салаларын қоспағанда, сондай-ақ жұмысты іске асырудың қол жеткізілген экономикалық және (немесе) әлеуметтік салдары мәтінінің көлемі 1500 сөзге дейін;

      жұмыс авторының қолы немесе ізденушілер ұжымы жетекшісінің қолы;

      мәтін А4 форматында парақтың бір бетіне басылады, томдардың мұқабасында жұмыстың атауы, авторлардың тегі, аты-жөні көрсетіледі.

      4. Бірінші том жұмыстың сипаттамасын қамтиды. Сипаттама электрондық түрде *docx, *xlsx, *pdf форматта төменде берілген талаптарға сәйкес ресімделеді:

      1) сол жақ шеті – 2,5 см, оң жақ шеті – 1,5 см, колонтитулдар – 2,5 см;

      2) абзацтық шегініс (бірінші жолдан шегініс) - 1,25 см болады;

      3) қолданылатын қаріп - Times New Roman;

      4) тақырып үшін жартылай қою қаріптің мөлшері – 14;

      5) жұмыстың атауы мен негізгі мәтін үшін қаріптің мөлшері – 14;

      6) ескертпедегі мәтін үшін қаріптің мөлшері – 12.

      7) колонтитулда беттің жоғарғы бөлігінде құжаттың атауы бас әріптермен көрсетіледі;

      8) парақтардың нөмірі беттің төменгі жағында орта бөлігіне қойылады, бірінші параққа нөмір қойылмайды.

      9) жолдар арасындағы аралық негізгі мәтін үшін – бір жарым; ескертпедегі мәтін үшін – бірлік.

      Сипаттаманың көлемі 100 (жүз) парақтан аспауы тиіс. Безендіру (иллюстрация) жеке көлемде ұсынылады.

      5. Жұмыс сипаттамасы мәтінінің титул парағында:

      жұмысты ұсынушы ұйымның атауы;

      жұмыстың атауы, ұйымдар бойынша әліпби ретімен жазылған ізденушілердің тегі және аты-жөні жазылады және олардың қолы қойылады.

      Жұмыстың жетекшісі "Жетекші" деген тиісті белгімен тізімде бірінші көрсетіледі. Титул парағы қазақ және орыс тілдерінде жазылады.

      6. Сипаттама басында жұмыстың іске асырылған орны, кезеңі және ауқымы көрсетіле отырып іргелі және қолданбалы зерттеулердің неғұрлым маңызды нәтижелері, жаңа технологиялар туралы аннотация келтіріледі (көлемі 10 парақтан аспайды).

      7. Жұмыс сипаттамасының негізгі бөлімінде:

      мазмұны;

      республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелері;

      қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар, техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны туралы мәлімет;

      мүлдем жаңа өнімдер мен технологияларды жасау және оларды экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін экономиканың әртүрлі салаларына енгізу бойынша ғылыми-технологиялық қызметтің танылған нәтижелері;

      басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін технологияларды өндіріске енгізу бойынша расталған инновациялық қызметтің нәтижелері баяндалады.

      Жаңа технологиялардың, техниканың, аспаптар мен материалдардың, заттардың, пайдалану жағдайларының негізгі сипаттамасы келтіріліп, әзірлемелердің патенттік-лицензиялық құндылығы атап көрсетіледі.

      8. Сипаттаманың соңында авторлардың жұмыс тақырыбы бойынша еңбектерінің, жаңалықтары мен өнертабыстарының, патенттердің, авторлық куәліктердің, сынақ актілерінің, өндіріске енгізу актілерінің тізімі, мекемелер мен кәсіпорындардың пікірлері, сарапшылардың қорытындылары келтіріледі.

      Автордың ғылыми жарияланымдары мен патенттерінің толық тізбесі, сондай-ақ цитата алу индексі және халықаралық рейтингілік басылымдардағы жарияланымдары туралы мәліметтер ұсынылады.

      9. Екінші томда (ұсыну құжаттары) мыналар қамтылады:

      ұсынушы (бас) ұйымның бланкісіндегі ұсыныс-хат. Онда:

      ұйымның нақты толық атауы;

      әрбір ізденушілер ұжымы мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), жұмыс орны және лауазымы, ведомствосы;

      жұмыстың мазмұнын дәл бейнелейтін жұмыстың атауы;

      жұмыстың қысқаша мазмұны;

      оны ұсынудың негіздемесі;

      жұмысты жалпы бағалау;

      оның басталу және аяқталу мерзімі және нәтижелерді практикалық іске асыру кезеңі;

      іске асырылу ауқымы, ғылыми-техникалық және техникалық-экономикалық көрсеткіштері, одан алынған экономикалық және әлеуметтік әсер көрсетіледі;

      ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлыққа лайық болмағаны туралы мәліметті көрсету қажет;

      ашық баспасөзде жұмыстың атауы мен мазмұнын, авторлардың тегін, олардың лауазымдарын, жұмыс орындарын жариялауға берілген рұқсаты;

      төралқа, алқа, ғалымдар, ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңес, кәсіпорын, ұйым, еңбек ұжымы кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) отырыстарының жұмыстың толық атауын, барлық авторлар ұжымының құрамын, оның ішінде әрбір автордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның лауазымы және жұмыс орны, Кеңесте дауыс беруге қатысқандардың саны және дауыс беру нәтижелері көрсетілген, Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойып, жұмысты сыйлыққа ұсыну туралы хаттамасынан және (немесе) хаттамаларынан үзінді және (немесе) үзінділер;

      авторлық ұжымның құрамына жұмысты ұсынып отырған ұйымның қызметкері болып табылмайтын адамдар кіргенде, кеңестер отырыстарының олардың негізгі жұмыс орындары бойынша хаттамаларынан сол адамдарды авторлық ұжым құрамына енгізу жөніндегі ұсынымдарға қатысты үзінділері ресімделеді.

      10. Ұсыныс-хатқа ұсынушы ұйымның басшысы қояды.

      Жұмысты бірнеше ұйым ұсынған кезде хатқа әрбір ұйымның басшысы қол қойып растайды.

      11. Авторларды ұсыныс-хатта тізбектеп жазу ұйымдар бойынша әліпби ретімен жүзеге асырылады.

      Жұмыстың жетекшісі белгіленген кезде оған "Жетекші" белгісі қойылып, тізімде бірінші болып көрсетіледі.

      12. Шығармашылық үлесі туралы анықтама ізденушілер ұжымының әрбір мүшесіне:

      оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      жұмысты орындаған кездегі атқарған лауазымы;

      оның жұмысқа қосқан нақты шығармашылық үлесі;

      оны авторлық ұжымның құрамына енгізу негіздемесі көрсетіле отырып жеке ұсынылады.

      Анықтамаға автордың Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынған жұмысты орындау кезіндегі жұмыс орны ұйымының басшысы, сондай-ақ ұсынушы басшысы қол қояды.

      Егер ұсынылатын жұмысты бір автор орындаған болса, шығармашылық үлесі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді.

      13. Ұсынылатын жұмыс ұжымының ізденушілері туралы мәліметтер ізденушінің негізгі жұмыс орны бойынша ұйым бланкісінде ұсынылады және қатаң түрде жеке тұлғаны куәландыратын құжат бойынша мынадай түрде қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      туған күні, айы, жылы, жеке тұлғаны куәландыратын құжат деректері;

      мамандығы;

      құрметті атағы (ізденуші лауреат болса, міндетті түрде сыйлықтың атауы және берілген мерзімі крсетіледі);

      марапатталған күнін және сіңірген еңбегін көрсете отырып, соңғы бес жылда алған мемлекеттік наградалары;

      ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (болған жағдайда);

      жұмыс орны;

      атқаратын лауазымы;

      байланыс деректері;

      мәліметтерге ізденуші қол қояды, толтырылған күнін көрсетеді.

      14. Ұсыныс хатқа Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған автордың (авторлар ұжымының) жарияланған ғылыми жұмыстары (кітаптар, монографиялар, брошюраланған мақалалардың баспа-таңбасы – 5 (бес)-тен аспайды), конструкторлық, техникалық әзірлемелердің, технологиялық процестердің және басқа да инновациялық жетістіктердің авторлығын дәлелдейтін құжаттары (патенттер, авторлық куәліктер, сынақ актілері, өндіріске енгізу актілері көшірмелері) қоса беріледі.

      15. Мәліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша барлық құжаттар мен материалдар бір данада ұсынылады және "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жолданады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады