Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2) алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері мен иеленушілеріне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелері мен иеленушілеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жұмағалиев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Ақпараттың қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы
Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.01.2023 № 21/НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2023 № 8 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
__________________________________________________________________________
138-бабына сәйкес
мыналарға: мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне,
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе
мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған
мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері мен иеленушілеріне, сондай-ақ
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелері
мен иеленушілеріне қатысты
________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган____________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Тағайындау туралы акт
_________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мемлекеттік органдардың жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін, жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің (бұдан әрі – ИКИ) иелерін байланыс операторларының интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы интернетке қосуын жүзеге асыру жөніндегі талаптарды сақтау | ||
2 | Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері иеленушілерінің Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен оларға ден қою туралы хабардар етуі бойынша талаптарды сақтау | ||
3 |
Мынадай: | ||
4 | Ақпараттандыру объектілерін пайдалану кезіндегі АҚ қорғауды және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді мониторингтеу талаптарын сақтау | ||
5 | Сыртқы контурдың локалдық желілерінен интернетке қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде интернет желісіне қосылған жұмыс станцияларында вирусқа қарсы құралдардың, операциялық жүйелердің жаңартуларының болуы | ||
6 | Ақпараттандыру объектілерін құру, сүйемелдеу және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын АҚ бөлімшесінің болуы немесе сертификат бере отырып, АҚ қамтамасыз етуге және АҚ қамтамасыз ету саласында кемінде үш жылда бір рет мамандандырылған курстардан өтуге жауапты лауазымды адамды айқындау. | ||
7 |
Мемлекеттік органдар (бұдан әрі – МО), жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) немесе ұйым өз қызметінде басшылыққа алатын құжатталған қағидалардың, рәсімдердің, практикалық тәсілдердің немесе басшылық қағидаттардың төрт деңгейлі жүйесі түрінде АҚ-ны қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттаманың (бұдан әрі – ТҚ) болуы және оған сәйкестігі. АҚ ТҚ қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді, МО-ның, ЖАО-ның немесе ұйымның құқықтық актісімен бекітіледі және МО, ЖАО барлық қызметшілерінің немесе ұйым қызметкерлерінің назарына жеткізіледі. | ||
8 | Көп факторлы аутентификацияны қолдану бойынша сыныптауышқа сәйкес, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, бірінші және екінші сыныптардың ақпараттандыру объектілеріне қол жеткізу кезінде талаптарды сақтау. | ||
9 | Лауазымдық нұсқаулықтарға және (немесе) еңбек шартының талаптарына АҚ қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттерді енгізу жөніндегі талаптарды және МО, ЖАО немесе ұйым қызметшілерінің АҚ ТҚ талаптарын орындау бойынша міндеттемелерін сақтау | ||
10 | АКҚҚ пайдалану бойынша талаптарды сақтау | ||
11 | Ақпараттық жүйеде қамтылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, қалпына келтіру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуы жөніндегі талаптарды сақтау | ||
12 |
Мыналарды: | ||
13 | Домендік аттың төлнұсқалылығын тексеру және АР АҚ қамтамасыз ету кезінде АКҚҚ пайдалана отырып, байланыс сеансындағы ақпаратты криптографиялық қорғау үшін тіркеу куәліктерін қолдану бойынша талапты сақтау | ||
14 |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде сәйкестендіруді басқару бойынша талаптарды сақтау: | ||
15 |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде АҚ оқиғаларына аудит жүргізу бойынша талаптарды сақтау: | ||
16 |
Виртуалдау технологиясын пайдалану кезінде АҚ оқиғаларын тіркеу талаптарын сақтау: | ||
17 |
Желілік және жүйелік әкімшілендіру рәсімдерін орындау бойынша талаптарды сақтау: | ||
18 | Резервтік көшіру жүйесімен деректерді сақтау жүйесін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау | ||
19 | Локалдық желілерді біріктіретін бөлінген байланыс арнасын ұйымдастыру кезінде ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын, оның ішінде криптографиялық шифрлауды АКҚҚ пайдалана отырып қолдану жөніндегі талаптарды сақтау | ||
20 | АКҚҚ пайдалана отырып ұйымдастырылған байланыс арналарын қоспағанда, ішкі контурдың ЖЖ және сыртқы контурдың ЖЖ бір-бірімен ұштасуын болдырмау жөніндегі талаптарды сақтау | ||
21 | Ведомстволық электрондық поштаны, жедел хабарламалар қызметін және өзге де сервистерді МО, ЖАО қызметшілерінің және мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның (бұдан әрі – АКИ) аса маңызды объектілері иелерінің: олар қызметтік міндеттерін атқарған кезде электрондық нысандағы жедел ақпарат алмасуды (қызметтік хат алмасуды) жүзеге асыру үшін, егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасқан электрондық поштаны, жедел хабар алмасу қызметін және өзге де сервистерді, басқару орталықтары мен серверлерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауы | ||
22 | Локалдық желілердің белсенді жабдықтары үшін үздіксіз электрмен жабдықтаудың болуы. | ||
23 | Локалдық желінің кабельдік жүйесінің пайдаланылмайтын порттарын белсенді жабдықтан физикалық ажырату бойынша талапты сақтау | ||
24 | Желіаралық экрандауды пайдалану бойынша талаптарды сақтау | ||
25 |
Серверлік үй-жайда орнатылған жабдықты техникалық сүйемелдеу кезінде құжаттаудың болуы: | ||
26 |
Серверлік үй-жайға санкцияланған кіруді және одан санкцияланған шығуды қамтамасыз ететін серверлік үй-жайда кіруді бақылау және басқару жүйесінің болуы. Кіру есігінің бөгегіш құрылғылары мен конструкциясы кіру есігінің тамбуры арқылы кіру сәйкестендіргіштерін кері бағытта беру мүмкіндігін болдырмауы тиіс. | ||
27 | Серверлік үй-жайда орнатылған АКИ объектілерін сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті тұлғалар тізімінің өзекті күйінде болуы | ||
28 |
Серверлік үй-жайда микроклиматты қамтамасыз ету жүйесінің болуы: | ||
29 |
Серверлік үй-жайда күзет дабылы жүйесінің болуы: | ||
30 |
Серверлік үй-жайда бейнебақылау жүйесінің болуы: | ||
31 |
Серверлік үй-жайда өрт дабылы жүйесінің болуы: | ||
32 |
Серверлік үй-жайда өрт сөндіру жүйесінің болуы: | ||
33 |
Серверлік үй-жайда кепілдендірілген электрмен жабдықтау жүйесінің болуы: | ||
34 |
Серверлік үй-жайда жерге тұйықтау жүйесінің болуы: | ||
35 | Кростық үй-жайда электромагниттік кедергілердің қуатты көздерінің (трансформаторлар, электр қалқандары, электр қозғалтқыштар және басқалары) болмауы | ||
36 | Сумен жабдықтау жүйесінің бұрандалары мен құбырларының болмауы | ||
37 | Кростық үй-жайда өрт қауіпсіздігі жүйесінің болуы | ||
38 | Кростық үй-жайда жеңіл жанатын материалдардың (ағаш сөрелер, картон, кітаптар және басқалары) болмауы | ||
39 | Кростық үй-жайда жоба бойынша шкафты қосу үшін автоматтан бөлек жеке электр қуатталу желісінің болуы | ||
40 | Кростық үй-жайда сигнализациялық күзет жүйесінің, кіруді бақылау жүйесінің болуы | ||
41 | Кростық үй-жайда ауа баптау жүйесінің болуы | ||
42 |
Ақпараттандыру объектілерін тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде құралдар мен жүйелер пайдаланылады: | ||
43 | Ақпараттық қауіпсіздіктің жеке жедел орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету немесе үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының қызметтерін сатып алу жөніндегі талаптарды сақтау, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы | ||
44 |
Тіркелген. KZ және (немесе). ҚАЗ домендік атауы бар интернет-ресурсты Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастыру жөніндегі талапты сақтау. | ||
45 | Серверлік жабдықтың конфигурациясын тексере отырып, оны тұрақты негізде түгендеу жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау | ||
46 | Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінен елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін АҚ қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу жөніндегі талаптарды сақтау. Бұл ретте, Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда тауарларды сатып алуға жол беріледі. | ||
47 |
МО-да, ЖАО-да немесе ұйымда АҚ-ның бұзылу оқиғаларын бақылау мақсатында талаптарды сақтау: | ||
48 | ЭАР, АЖ, АКИ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөгде ұйымдарды тартқан жағдайда олардың иесі немесе иеленушісі аталған объектілермен жұмыс істеу, оларға қол жеткізу немесе пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленетін келісімдерінің болуы | ||
49 | Жұмыстан босатылған немесе еңбек шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде МО, ЖАО қызметшісінің немесе ұйым қызметкерінің жеке және логикалық қолжетімділікті, қол жеткізу, жазылу сәйкестендіргіштерін, оны МО, ЖАО жұмыс істейтін қызметшісі немесе ұйым жұмыскері ретінде сәйкестендіретін құжаттаманы қамтитын ақпаратқа және ақпаратты өңдеу құралдарына қол жеткізу құқықтары оның еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін жойылады немесе еңбек шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде өзгертілу талаптарын сақтау | ||
50 | Кадр қызметі МО, ЖАО қызметшілерін немесе ұйым жұмыскерлерін ақпараттандыру және АҚ-ны қамтамасыз ету саласында оқытуды ұйымдастырады және есебін жүргізу талаптарын сақтау | ||
51 |
Мемлекеттік техникалық қызметтің компьютерлік оқыс оқиғаларға әрекет ету қызметінде құпиялылық, қолжетімділік және тұтастық үшін маңызды деп анықталған оқиғаларды тіркеу жөніндегі талаптарды сақтау | ||
52 | Екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін АКИ аса маңызды объектілерінің иелеріне жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізу жөніндегі талаптарды сақтау. | ||
53 | АЖ-ды, БҚ-ны немесе СБӨ-ні есептен шығарған кезде ЭАР иесі және (немесе) иеленушісі ЭАР қалпына келтіру бойынша нұсқаулық дайындау арқылы есептен шығарылатын АЖ дерекқорын басқару жүйесінің кіріктірілген функционалы арқылы дерекқорының құрылымын және мазмұнын сақтауды қамтамасыз ету талаптарын сақтау | ||
54 | Сервистік бағдарламалық өнімді өнеркәсіптік пайдалану кезінде АҚ талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтардың оң нәтижелері бар актінің болуы | ||
55 | Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын қолданбалы БҚ пайдаланушы интерфейсін пайдаланушының тіл интерфейсін таңдау мүмкіндігімен, деректерді қазақ, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде енгізуді, өңдеу мен шығаруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау | ||
56 |
МО, ЖАО немесе ұйым: | ||
57 |
Әзірленетін немесе сатып алынатын дайын қолданбалы БҚ | ||
58 | Ендірілген жүйелер серверінің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау: 1) резервтік желдеткіштерді, қуат көздерін, дискілерді және енгізу-шығару адаптерлерін қызу ауыстыру; 2) сыни оқиғалар туралы ескертулер; 3) сыни компоненттердің жай-күйін үздіксіз бақылауды қолдау және бақыланатын көрсеткіштерді өлшеу | ||
59 | Құпия АЖ-да, құпия ЭАР-да және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын ЭАР-да пайдаланылатын ақпаратты тасығыштарды пайдаланудан шығарған кезде ақпаратты кепілдікті жоюдың бағдарламалық және аппараттық қамтылымы қолдану жөніндегі талапты сақтау | ||
60 | Локалдық желі схемасының болуы | ||
61 | Аппараттық-бағдарламалық кешен және деректерді сақтау жүйесінің серверлік жабдығы серверлік үй-жайда орналастырылу талаптарын сақтау | ||
62 | Серверлік үй-жай өте алмайтын, терезе ойықтары жоқ бөлек үй-жайларда орналастыру. Терезе ойықтары болған жағдайда, олар жабылады немесе жанбайтын материалдармен бекітіледі. Қабырға, төбе мен еден сырттары үшін шаң шығармайтын және жинамайтын материалдар пайдаланылу. Еден жабыны үшін антистатикалық қасиеті бар материалдар пайдаланылады. Серверлік үй-жай ластайтын заттардың кіруінен қорғалады. Серверлік үй-жайдың қабырғалары, есіктері, төбесі, едені және аралықтары үй-жайдың герметикалығын қамтамасыз ету талаптарын сақтау | ||
63 | Серверлік үй-жай кабельдік жүйелер мен инженерлік коммуникацияларды орналастыруға арналған фальшеденмен және (немесе) фальштөбемен жабдықталудың болуы | ||
64 | Серверлік үй-жай арқылы кез келген транзиттік коммуникациялардан өту бойынша алып тастау жөніндегі талаптарды сақтау. Кәдімгі және өртке қарсы сумен жабдықтау, жылыту және кәріз трассалары серверлік үй-жайдан тыс шығарылады және жоғарғы қабаттарда серверлік үй-жайдың үстіне орналастырылмайды. | ||
65 |
Негізгі және резервтік серверлік үй-жайлардың бір-бірінен шалғайдағы ғимараттарда қауіпсіз қашықтықта орналасуы бойынша талаптарды сақтау. | ||
66 | Серверлік үй-жайда екінші және үшінші сыныпты ақпараттандыру объектілерімен бірінші сыныпты ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес жататын бір виртуалды ортада, бір серверлік жабдықта, бір монтаждық шкафта немесе ЭАР, ИР, СБӨ, АЖ тірегінде орналастыруды алып тастау жөніндегі талаптарды сақтау |
Лауазымды адам (-дар)__________________________________ ____________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ ______________________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)