"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 11-1-4/38 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 85 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 18278 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 желтоқсанда № 248 (28374) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында:

      3-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі (бұдан әрі -"Астана Хаб") – Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 644 қаулысымен айқындаған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешенге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;";

      6-1) тармақшасы алынып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері (бұдан әрі – ҚР ІІМ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және Көліктегі полиция департаменттерінің көші-қон қызметі бөлімшелері;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап тіркелген орны бойынша келесі құжаттарды ҚР ІІМ-ге немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) мыналарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыруды ресімдеу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;

      мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;

      мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      3) шақыруды ресімдеуге ағымдағы жылы алғаш рет өтініш білдірген заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер келесі құжаттарды ұсынады:

      заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы растайтың құжаттар;

      АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес заңды тұлғаны тіркеуді/аккредиттеуді растайтын сертификаттың көшірмесі;

      "Астана Хабқа" қатысушыны тіркеу туралы куәліктің тұпнұсқасы және көшірмесі;

      өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;

      шетелдік туристерді шақыру туралы өтініш беруші шақырушы тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туристік операторлық қызметке арналған лицензияның көшірмесі немесе "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Туристік агенттердің мемлекеттік тізілімінен үзінді;

      виза алушыны білім алу мақсатында шақыру туралы өтініш беруші шақырушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берген білім беру қызметімен айналасуға арналған лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының көшірмесі;

      виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыру туралы өтініш беруші шақырушы тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес берген медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлегенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      12-тармақ:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) іскерлік сапарға арналған көпмәртелік визаны ресімдеу үшін – шарттың, келісімшарттың көшірмесі немесе индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастыққа қатысу жөніндегі (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес, визаларды ресімдеу кезінде шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарын қоспағанда) "KAZAKH ІNVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының растау хаты (өтінішхаты);";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін –Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе "Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін "Астана Хабтың" қолдаухаты;";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұсынылған құжаттарға сәйкес сұратылған сапардың мақсатының, визаның мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны, АХҚО қатысушылары мен органдарын, "Астана Хаб" қатысушылардың жұмыскерлерін немесе "Астана Хаб" жұмыскерлерін қоспағанда, виза алушының азаматтығына тиесілі елге қатысты консулдық округке сәйкес немесе мына шарттардың біреуі:

      болу елінде тұрақты тұруға рұқсаты;

      іскерлік және инвесторлық мақсаттар бойынша, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуде ұзақ болуына рұқсаты бар болған кезде анықталады;

      ҚР СІМ қызмет көрсететін консулдық округтерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізімін ҚР ІІМ-ге береді.

      АХҚО қатысушылары мен органдарының қызметі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен реттеледі.

      "Астана Хаб" қатысушыларының қызметі "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-1 бабымен реттеледі.";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) қолдану мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.";

      22-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының аумағында:

      ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды береді: "А1", "А2", "А3", "А4", "А5", "В1", "В2", "В3", "В5", "В7", "В10", "В11", "В12", "В13", "С3", "С8", "С9" және "С12";

      ҚР ІІМ келесі санаттардағы визаларды береді: "А5", "В2" (АХҚО қатысушылары және органдары үшін), "В3", "В7", "В8", "В14", "В15", "В16", "В17", "В18", "В19", "В20", "В21", "В22", "С1", "С3", "С4", "С9" (этникалық қазақтарға), "С11" және "С12".";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. "С3" санатындағы визадан басқа ҚР ІІМ визаларды беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның уақытша тіркеу орны немесе шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша ("А5" санатындағы виза, виза алушының нақты болу орны бойынша), не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы бойынша жүзеге асырады.

      "С3" санатындағы алғашқы визаларды ҚР ІІМ шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша жүзеге асырады. Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ "С3" санатындағы визаны жоюды, қалпына келітуді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің уақытша тіркеу орны бойынша жүзеге асырады.

      Визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген, Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттерден Қазақстан Республикасына келген және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат алу үшін жүгінген азаматтарға "В8" санатындағы виза өтінішхатты қарау үшін қажетті кезеңге, бірақ күнтізбелік 90 күннен асырмай беріледі.

      ҚР ІІМ АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне "С3" визасын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, қолданылу мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды, сондай-ақ отбасы мүшелеріне "С3" визасын еңбек қызметін жүзеге асыру үшін бұрын берілген алғашқы визаларды ескермей "С3" визасына өзгертуді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған визалар, "В14" санатындағы визаны қоспағанда, виза алушының нақты болу орны бойынша беріледі.

      Оқуға арналған визалар виза алушыны қабылдаған оқу мекемесінің орналасқан орны бойынша беріледі.";

      25-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ҚР СІМ нұсқауы – "А1", "А3", "В1" және "В3" (ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріндегі басшыларының жазбаша нұсқауы бойынша "В3" санатындағы бір мәртелі виза беріледі);";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қолдаухат (1-нысанда көзделген құжаттар бар болған жағдайда визалардың санаттарына қарай):

      мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына (бір мәртелі виза) – "А3", "В1", "В3", "В10" және "В12";

      бұрынғы отандастар (Қазақстан Республикасымен байланысын куәландыратын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасынның ұлттық паспортында, туу туралы куәлігінде туған жері туралы бағанада тиісті белгінің болуы немесе некеге тұру туралы куәлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтамасы бар болса) – "В10" (бір мәртелі виза);

      шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға – "В4", "В5", "В8", "В10" (жерлеуге немесе туысқанының/жақындарының ауруына байланысты, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе әке-шешелеріне, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне – бір мәртелі виза), "В13", "С1", "С2", "С4" (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) және "С10".";

      34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ҚР ІІМ:

      "А5" санатына – "В3", "В10", "С3", "С4", "С5" және "С10" санаттарынан;

      "В2" санатына (АХҚО қатысушылары мен органдарына) – "В3", "В7" және "С3" санаттарынан;

      "В7" санатына – "С9" санатынан;

      "В8" санатына – "С3" санатынан;

      "С1" санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан;

      "С3" санатына – "В2", "В3", "В7" ("Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқытудан өтіп жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға), "С2", "С3" (жұмыс берушінің атынан шақырушы тарапты ауыстыру, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсаты болған кезде қолдаухат негізінде), "С9" және "С10" санаттарынан;

      "С4" санатына – "В10", "С2", "С9" және "С10" санаттарынан;

      "С9" санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге;

      "С12" санатына – визаның барлық санаттарынан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Күнтізбелік 60 күн ресімделетін "С1" санатындағы визадан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.";

      49-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының немесе "Астана Хаб" қолдаухаттары негізінде. Визаның қолданылуын 90 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      ""С1" – арызданушының қолдаухаты негізінде 1 жылға дейінгі мерзімге;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "С3" – бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсатнамасы болған кезде, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде.

      Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда шақырушы тарап еңбекші-көшіп келушіні іссапарға жіберу туралы бұйрықты ұсынады (не шарт немесе келісімшарт).

      "С3" санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсаттың жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес (АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне – 5 жылдан аспайтын мерзімге) мерзімге жүзеге асырылады;";

      Осы Қағидалардың 1 қосымшасында:

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

8.

В3

1) келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар;

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

30 тәулікке дейін

Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ келесі құжаттардың бірінің:
ҚР СІМ нұсқауы;
вербалдық нота;
шақыру;
мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарының қолдаухаты;
ҚР-дың шет елдердегі мекемелері басшыларының жазбаша нұсқауы негізінде береді.
ҚР ІІМ визаны:
шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде береді.

2) индустрияландыру және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастық аясындағы келіссөздер жүргізуге, келісімшарттар жасасуға келетін адамдар;
3) құрылтайшылар немесе директорлар кеңесінің мүшелері.

көп мәртелі

1 жылға дейін

әрбір келу кезінде 30 тәуліктен артық емес

  ";

      12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

12.

В7

оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін, соның ішінде "Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.
Визаны ҚР ІІМ "Астана Хаб" қолдаухаты негізінде береді.

көп мәртелі

180 тәулікке дейін

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

  ";

      13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

13.

В8

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын адамдар;
2) Визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің
қағидаларының 17 тармағында көрсетілген мемлекеттерден Қазақстан Республикасына келген және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген адамдар.

бір мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасына баратын (ҚР ІІМ-мен келісусіз), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың этникалық қазақтардан басқа қолдаухаттары негізінде береді.
ҚР ІІМ визаны визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17 тармағында көрсетілген мемлекеттерден Қазақстан Республикасына келген, сондай-ақ С3 санатындағы қолданыстағы визасы бар шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдардың қолдаухаты негізінде береді.

көп мәртелі

90 тәулікке дейін

виза қолданылуының барлық кезеңіне

  ";

      29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

  "

29.

С3

еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына бара жатқан, немесе Қазақстан Республикасындағы адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері

бір мәртелі

90 тәулікке дейін (паспортын Қазақстан Республикасы мойындамайтын елдің адамдары үшін-1 жылға дейін)

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

Визаны ҚР-дың шет елдердегі мекемелері және ҚР СІМ шақыру негізінде береді.
Визаны ҚР ІІМ
шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейтігін дәлелдейтін құжаттар бар болған жағдайда, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде береді.

көп мәртелі

3 жылға дейін (АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне – 5 жылға дейін) немесе рұқсаттың мерзіміне

виза қолданы-луының барлық кезеңіне

  ";

      Осы Қағидаларға 3-1 қосымша алынып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
Б.Атамқұлов
      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қоғамдық даму министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      2019 жылғы "___" __________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады