Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18522 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 17) тармағына, 41) тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдедегі № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Басшылардың лауазымдары:

      1) республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор/директор);

      2) республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор/директор);

      3) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор/директор);

      4) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер);

      5) аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор/бас дәрігер);

      6) денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) орынбасары (медициналық бөлім, медициналық қызметтердің сапасын бақылау, стратегиялық даму жөніндегі);

      7) экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) орынбасары;

      8) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары;

      9) денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, бас мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) / мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі);

      10) бас мейіргер (басшының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары);";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Басшылардың лауазымдары:

      1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор /директор);

      2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйым басшысының орынбасары;

      3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы.";

      2) "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген, 2010 жылғы №7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      "Республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор)" деген 1-кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор/директор):

      медицина саласындағы жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейін бойынша);

      экономика/қаржы және кердит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымдардың басшысы (бас директор/директор) үшін:

      медицина саласында жоғары білімінің;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар ұйымының басшысы (бас директор/директор):

      медицина немесе ақпараттық жүйелер мен технологиялар/есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жоғары білімінің;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және несие", "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Инженерлік ақпараттық жүйелер және коммуникациялар" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті", "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит", "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Инженерлік ақпараттық жүйелер және коммуникациялар" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымдарының басшысы (директор/ бас дәрігер):

      медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейін бойынша);

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор/бас дәрігер) үшін:

      медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейін бойынша);

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың) (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық дамыту жөніндегі) орынбасары" деген 2-кіші бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық дамыту жөніндегі) орынбасары" 2-кіші бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын";

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық дамыту жөніндегі) орынбасары" деген 2-кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін – бейіні бойынша);

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары:

      жоғары фармацевтикалық білімінің;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

      денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары:

      ақпараттық жүйелер мен технологиялар/есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жоғары білімінің;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), "Ақпараттық жүйелер", "Бизнес ақпараттық жүйелер" "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және несие" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары" деген 3-кіші бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор/директор) экономикалық және әкімшілік – шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары" деген 3-кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары экономика немесе қаржы білімінің, "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

      не

      жоғары экономика немесе қаржы білімінің;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі.".

      "Дәрігер-сот-медицина сарапшысы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медициналық-криминалистік, молекулалық-генетикалық зерттеулер)" деген 16-кіші бөлімде:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімі, "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, жалпы сараптамалық зерттеудің дәрігер сарапшысы үшін "Сот-медициналық сараптама" немесе "Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересек, бала)" мамандықтары бойынша маман сертификаты.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады