Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 18568 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ 193 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1341 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17415 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 қыркүйекте жарияланды)

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Өтінішхат өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған немесе патент беруге өтінім берілген күннен бастап, осы мерзімдердің қайсысы кешірек өтетініне қарай, алты ай өтпестен бұрын патенттің қолданылу кезеңінде осы қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Егер бірінші рұқсат 2015 жылғы 7 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне дейін берілген жағдайда өтінішхат патент қолданылатын мерзім ішінде, бірақ оның қолданылу мерзімі өткенге дейін екі айдан кешіктірілмей беріледі.".

      2. "Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17328 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қыркүйекте жарияланды):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Апелляциялық кеңес туралы ережеде:

      18-тармақ алынып тасталсын.

      3. "Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17324 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қыркүйекте жарияланды):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларында:

      38-тармақ алынып тасталсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейнежазбаны техникалық фрагменттеу немесе оның форматын өзгерту жағдайларын қоспағанда, отырыстың бейнежазбасын тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.";

      44-тармақ алынып тасталсын.

      4. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17322 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 қыркүйекте жарияланды):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тестілеуден шеттетілген кандидат келесі аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта беру құқығынан айырылмайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % және одан жоғары құраса, кандидат тестiлеуден өттi деп саналады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хаттамаға комиссияның төрағасы және оның орынбысары қол қояды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады