"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 48/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 сәуірде № 18588 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік пайдалану – ақпараттық жүйені мақсаттарына, міндеттері мен техникалық құжаттамада жазылған талаптарға және нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес штаттық режимде пайдалану;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Куәландырушы орталықтар берген сервистер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ақпараттандыру объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметі бойынша аналитикалық ақпарат ұсыну мақсаттары үшін деректердің біртұтас кеңістігін қалыптастыру үшін арналған және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналасқан ақпараттандыру объектілері ЭҮШ, ЭҮСШ және ЭҮТШ интеграциялауға жатпайды.";

      6-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сервистік интегратор өтінімді алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген мемлекеттік органдардың архитектураларын талдауды есепке ала отырып, ақпараттандыру объектілерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарға, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17046 болып тіркелген) бекітілген "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сәйкестігіне, сондай-ақ сервистер тізілімінде ұқсас сервистердің бар-жоғына талдау жүргізеді және интеграциялық сервистің бастамашысына ЭҮШ, ЭҮСШ, ЭҮТШ-мен интеграциялауға ұсынымдар береді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) интеграциялық сервистің бастамашысы ЭҮШ-де жарияланған сервисті пайдалану үшін ЭҮШ-пен ақпараттандыру объектісін интеграциялауға (тестілік және өнеркәсіптік ортасы көрсетіледі) арналған өтінімді төмендегілермен қоса осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді уәкілетті органның мекенжайына жібереді:

      ақпараттандыру объектісі иесімен интеграцияға келісім;

      ақпараттандыру объектілерін интеграциялау бойынша сервистік интегратордың ұсынымдары;

      Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген SSL сертификаты (беру актісі), АЖ-нің ашық кілті;

      МО БКО контурындағы өзара іс-қимыл кезінде МО БКО электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тестілік немесе өнеркәсіптік ортасы көрсетіледі) қосымша беріледі;

      интернет контурындағы өзара іс-қимыл кезінде (ЭҮСШ арқылы интеграцияланатын МО БКО-дан тыс АЖ үшін) VPN-туннелін құру үшін VPN-нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тестілік немесе өнеркәсіптік ортасы көрсетіледі) қосымша беріледі;

      АЖ өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы акті (өнеркәсіптік ортада жұмыс үшін мемлекеттік емес АЖ иесімен ұсынылады);

      ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне оң сынақтар нәтижесімен акті(өнеркәсіптік ортада жұмыс үшін мемлекеттік емес АЖ иесімен ұсынылады);

      техникалық құжаттаманың сараптамасы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестаты (өнеркәсіптік ортада жұмыс үшін мемлекеттік емес АЖ иесімен ұсынылады);

      мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ-нің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар шарты;".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібінің министрі
А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады