"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 18610 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 шiлдедегi № 518 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2020 № 518 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әділет департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (С.Қ. Сүйінбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-майоры
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      2019 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 26 сәуірдегі
№ 347 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 432 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Санаты

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

Қосымша талаптар

C-SV-1

Аппарат басшысы
Комитет төрағасы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі немесе әскери, арнаулы оқу орындарында алған жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі он бес жылдан кем емес не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он сегіз жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда сегіз жылдан кем емес

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-2

Департамент бастығы
Комитет төрағасының орынбасары

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі немесе әскери, арнаулы оқу орындарында алған жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі он үш жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он алты жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.
Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-3

Департамент бастығының орынбасары
Қырғыз Республикасы
ІІМ-дегі Қазақстан Республикасы
ІІМ-нің өкілетті өкілі
Өкілетті аймақтық инспектор
Басқарма бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі немесе әскери, арнаулы оқу орындарында алған жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он төрт жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда үш жылдан кем емес.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.
Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-4

Комитеттің, департаменттің басқарма бастығы
Басқарма бастығының орынбасары
Орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі
Автокөліктік қызмет көрсету мекемесінің бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі немесе әскери, арнаулы оқу орындарында алған жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес, немесе орталық аппараттың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда (C-SV-8 санаты бойынша) бес жылдан кем емес.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.
Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-5

Департаменттің, Комитеттің, басқарма бастығының орынбасары
Аса маңызды істер жөніндегі бас инспектор (тергеуші, жедел уәкіл)Бөлім бастығы
Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі бастығының орынбасары
Кезекші бөлімнің бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі он жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он бір жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес, немесе орталық аппараттың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда (C-SV-8 санаты бойынша) үш жылдан кем емес.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.
Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-6

Департамент, Комитет
басқармасының бөлім бастығы
Бөлім бастығының орынбасары,
Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі
"Әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес.
Техникалық қызмет лауазымына орналастыру үшін ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, не нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.
Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-7

Департамент, Комитет басқармасының бөлім бастығының орынбасары
Бөлімше бастығы
"Әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемесі басты ғының орынбасары
"Әскери және арнайы жабдықтау базасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімше бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Техникалық қызмет лауазымына орналастыру үшін ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.
Жоғары тұрған лауазымды атқару үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

C-SV-8

Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (жедел уәкіл, анықтаушы) Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Бас: криминалист, ревизор, маман-дәрігер, маман-психолог, маман-полиграфолог, маман Кезекші бөлім бастығының көмекшісі - жедел кезекші

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы алты жылдан кем емес.
Психолог және полиграфолог лауазымдарына тағайындау үшін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не осы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмысы төрт жылдан кем емес.
Техникалық қызмет лауазымына орналастыру үшін жұмыс өтіліне талаптар белгіленбейді.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.
Ішкі аудит қызметі үшін, Мемлекеттік аудитор біліктілікті беру туралы сертификаттың бар болуы.

C-SV-9

Барлық атаулардағы аға: тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, криминалист, ревизор, инспектор және инженер

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы бес жылдан кем емес. Психолог және полиграфолог лауазымдарына орналасу үшін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, не осы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмысы үш жылдан кем емес.
Техникалық қызмет лауазымына орналастыру үшін жұмыс өтіліне талаптар белгіленбейді.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім.

Жедел-криминалистикалық қызметке криминалистикалық зерттеулер немесе сот сараптамаларын жүргізуге құқық беретін біліктілік куәліктерінің болуы.

C-SV-10

Барлық атаулардағы тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, криминалист, ревизор, инспектор және инженер

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы төрт жылдан кем емес. Психолог және полиграфолог лауазымдарына орналасу үшін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмысы екі жылдан кем емес.
Экстремизмге қарсы күрес, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөліністерінің жедел уәкілі; жедел-криминалистикалық қызметтің криминалисі; техникалық қызметтің инженері лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтіліне талап белгіленбейді.

Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім.


C-SV-12

Барлық атаулардағы полицей-жүргізуші, кіші жедел уәкіл, қойма меңгерушісі

орта білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.


Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім.

Полицей-жүргізуші үшін жүргізуші куәлігінің болуы.

C-SV-13

Техник, кіші инспектор

орта білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.


Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады