Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 26.09.2022 № 834 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 21-тармағының 19-63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор М.К. Бектановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Шығарылу кезінде адамдарды (бұдан әрі – әлеуметтік бейімдеуге жататын) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу екі бағытта жүзеге асырылады: қайта даярлау және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету.
3. Қағидаларды іске асыру мақсатында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдерде (мекемелерде) (бұдан әрі – әскери басқару органдары) запасқа шығарылуға жататын адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) тағайындалады.
4. Комиссия құрамы қаржы, медициналық, заң, психологиялық қызметтер мен кадр органдарының өкілдерінен құрылады.
5. Комиссия жыл сайын 20 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жасайды.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) сайтында әрбір әскери қызметші онымен таныса алатын еңбек нарығында талап етілетін кәсіптер, мамандықтар, бос орындар туралы ақпараты бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бірыңғай консультативтік электрондық жүйесін құрады.
7. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес кадрлық әскери басқару органдары әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар шығарылуға жататын адамдардың тізімдерін жасайды.
8. Кәсіптік қайта даярлауға қаржыландыру кәсіптік қайта даярлауға мұқтаж, әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдардың болжамды санына, оқытудың ұзақтығы мен құнының орташа көрсеткіштеріне сүйене отырып есептеледі. Есептеуді білім және қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері жүргізеді.
9. Жалпы ұзақтығы бір айдан аспайтын азаматтық мамандықтар бойынша кәсіптік қайта даярлауға шығыстар осы мақсаттарға бөлінген ақша қаражаты шегінде өтеледі.
2-тарау. Қайта даярлау
10. Әлеуметтік бейімдеуге жататын адамды қызметтен шығарылғанға дейін 6 ай бұрын кадрлық әскери басқару органдары әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуге, оның ішінде әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтық мамандық алу мақсатындағы құқығы туралы жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 31.03.2021 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мамандық алуға ниет білдірген, әлеуметтік бейімдеуге жататын адам әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуге, оның ішінде әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтық мамандық алу мақсатындағы құқығы туралы хабарламаны алған сәттен бастап Комиссияға мынадай құжаттарды:
оны әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету тізімдеріне қосу және қайта даярлау курстарында оқу үшін оқу демалысын беру туралы баянатты;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
білімі туралы құжаттардың көшірмесін;
еңбек өтілі бар болған кезде, еңбек өтілін растайтын басқа да құжаттың көшірмесін;
қызметтік тізімді;
әскери қызметте болу туралы мәліметтерді көрсетумен қызмет орнынан анықтаманы ұсынады.
12. Комиссия айына бір рет 25-і күніне дейін әскери қызметшілердің қайта даярлау курстарында оқу үшін оларды әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдардың тізімдеріне қосу туралы баянаттарын қарайды.
13. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды тиісті мамандық бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарау үшін кадр органы тоқсан сайын қызмет өткеру орны бойынша бос орындарға мониторинг жүргізеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 31.03.2021 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Мониторинг қорытындылары бойынша әлеуметтік бейімдеуге жататын адамға қызмет өткеру орны бойынша бос лауазымдар тізбесі және оларға қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі – ӘТМ РМҚК) олар бойынша қайта даярлау жүргізілетін тұрғылықты жері бойынша еңбек нарығында талап етілетін азаматтық мамандықтар тізбесі ұсынылады.
15. Қосымша азаматтық мамандық алуға ниет білдірген, әлеуметтік бейімдеуге жататын адам Қазақстан Республикасының жоғары әскери оқу орындарына және ӘТМ РМҚК-ға тиісті қайта даярлау курстарына жіберіледі.
3-тарау. Әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету
16. Комиссия тоқсанына бір рет әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдармен әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде психологиялық қолдау және психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 31.03.2021 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды бейімдеуді психологиялық сүйемелдеу тиімді әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің қажетті компоненті ретінде ұсынылады, ол екі кезеңде жүргізіледі:
бірінші кезең – әскери қызметтен шығарылғанға дейін 3 ай бұрын басталады. Осы кезеңде азаматтық қоғамдағы өмірге бейімделуге психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді көздейтін психологиялық дайындау жүзеге асырылады.
Ай сайын Жоспарға сәйкес әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдарға кәсіби консультация беру жүргізіледі, ол шығарылатын адамның жеке басын, оның қызығушылықтарын, икемділігін, болашақ кәсіптің әртүрлі сипаттамаларының өзі үшін қолайлы жеке пайымын, кәсіби қабілеттерін, бар білімдерін, біліктері мен дағдыларын, бар мүмкіндіктерін алдын ала зерделеу нәтижелеріне негізделеді;
екінші кезең – білікті психологиялық көмек көрсету әскери қызметтен шығарылғанға дейін 1 ай бұрын басталады. Осы кезеңдегі жұмыс қажетті жаңа дағдыларды қалыптастыруға: өзін-өзі жобалауға, тиімді қарым-қатынасқа және өзара іс-қимылға, жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған. Жұмыс маман психологтың міндетті түрде апта сайынғы консультациялары нысанында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Жеке консультациялар психологиялық қолдауға және психикалық төзімділігін сақтауға ықпал ететін аутотренингке, арнайы психикалық-техникалық жаттығуларға оқыту элементтерін қамтиды.