"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22463 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 834 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 26.09.2022 № 834 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18618 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік бейімдеуге жататын адамды қызметтен шығарылғанға дейін 6 ай бұрын кадрлық әскери басқару органдары әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуге, оның ішінде әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтық мамандық алу мақсатындағы құқығы туралы жазбаша хабардар етеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды тиісті мамандық бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарау үшін кадр органы тоқсан сайын қызмет өткеру орны бойынша бос орындарға мониторинг жүргізеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комиссия тоқсанына бір рет әлеуметтік бейімдеуге жататын адамдармен әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде психологиялық қолдау және психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады