"Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18643 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.10.2020 № ҚР ДСМ-170/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 79) және 87) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 79) және 87) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын және Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-60 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 304 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – пациенттер) көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      ақылы бөлімшелер (палаталар) – денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК-ге кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);

      денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі

      4. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келген кезде жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.

      5. Денсаулық сақтау ұйымдары ақпаратты медициналық ұйымның интернет- ресурсында орналастыру, сондай-ақ тіркеу орындарындағы, қабылдау бөлімшелеріндегі (бөлімдеріндегі) көрнекі ақпарат арқылы мынадай мәліметтерді:

      1) денсаулық сақтау ұйымының ақылы медициналық қызметтер көрсетуге құқығын регламенттейтін құқықтық актілерге сілтемелерді;

      2) медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтерді (нөмірі және берілген күні, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерінің тізбесі, лицензиардың толық атауы);

      3) құнын көрсете отырып, ақылы медициналық қызметтердің тізбесін, медициналық қызметтерді ұсыну шарттары, нысаны және оларды төлеу тәртібі туралы мәліметтерді;

      4) ТМККК тізбесін;

      5) ақылы медициналық қызметтер ұсынуға қатысатын медицина қызметкерлері туралы, олардың кәсіптік білімі мен біліктілігі туралы мәліметтерді;

      6) ақылы қызметтер көрсету кезінде азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер туралы мәліметтерді;

      7) медициналық ұйымның жұмыс тәртібі, ТМККК шеңберінде медициналық көмек және ақылы медициналық қызметтер ұсынуға қатысатын медицина қызметкерлерінің жұмыс кестесін;

      8) уәкілетті органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік басқару жергілікті органының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, Фармация комитеті аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары мен телефондарын қамтитын ақпаратты орналастыру арқылы ұсынады.

      6. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасқан кезде пациентке ТМККК шеңберінде медициналық көмектің тиісті түрлері мен көлемдерін алу мүмкіндігі туралы ақпарат қолжетімді нысанда ұсынылады. Бұл ретте, ТМККК алуға құқығын міндетті хабарлай отырып, пациент ақылы медициналық қызмет алуға ақпараттық келісімді міндетті түрде толтырады.

      7. Ақылы қызметтер пациенттерге мынадай жағдайларда:

      1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық және емдік қызметтер көрсету;

      2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;

      3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;

      4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу;

      5) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;

      6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;

      7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;

      8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;

      9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.

      8. Ақылы медициналық қызметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде көрсетіледі.

      Шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.

      9. Егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде шартта көзделмеген қосымша медициналық қызметтерді ақылы негізде ұсыну қажет болған жағдайда, ұйым бұл өзгерістер туралы пациентті ескертеді.

      10. Егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, асқынулар, созылмалы аурулар кезінде пациентке шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда, Кодекске сәйкес мұндай медициналық көмек ақы алынбай көрсетіледі.

      Егер пациенттің өміріне қауіп төндіретін жағдай мемлекеттік лицензияға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының бейініне сәйкес келмесе, онда ақылы қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымы пациенттерді тасымалдауды қоса алғанда, пациентке тиісті денсаулық сақтау ұйымына қол жеткізуді ұйымдастырады.

      11. Пациенттерді ақылы негізде емдеуге жатқызу денсаулық сақтау ұйымының ақылы бөлімшелерінде (палаталарында) жүзеге асырылады.

      12. Пациенттерді Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуді денсаулық сақтау ұйымдары пациенттің жазбаша келісімімен ақылы негізде жүзеге асырады.

      13. Денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелмеген, біржолғы әкелу арқылы әкелінген дәрілік заттарды сатып алуды қоса алғанда, ТМККК шеңберінде емдеуде жүрген пациенттерге ақылы медициналық қызметтер көрсетудің әрбір жағдайы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген есептік медициналық құжаттамада негізделе отырып көрсетіледі.

      Денсаулық сақтау ұйымдары 9 қайта қараудағы (АХЖ-9) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің, 10-қайта қараудағы (АХЖ-10) Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуінің кодына сәйкес есепке алу нысандарын уақтылы және дұрыс толтыруды қамтамасыз етеді.

      14. Ақылы қызметтерді алушыларға денсаулық сақтау ұйымдары:

      1) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде медициналық қорытындыны;

      2) стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде қалпына келтіру (оңалту) емін жүргізу кезінде және паллиативтік көмек көрсету кезінде сырқатнамадан шығару эпикризін;

      3) қызметтердің саны мен құнын көрсете отырып, көрсетілген қызметтердің тізбесі туралы ақпаратты ұсынады.

3-тарау. Ақылы қызметтер көрсету шарттары

      15. Ақылы медициналық қызметтер Кодекстің 26-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, сондай-ақ диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларының ұсынымдарына сәйкес, немесе пациенттің, оның заңды өкілдерінің бастамасы бойынша консультация немесе өзге медициналық қызметтерді жүзеге асыру түрінде толық көлемде, оның ішінде медициналық көмек стандартының және (немесе) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасының орындалатын көлемінен асатын көлемде, бірақ дәлелді медицина базасына сәйкес ұсынылады.

      16. Ақылы медициналық қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарында дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің, кіші медицина және өзге де персоналдың жеке штат бірліктері бөлінеді, оларды ұстау ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылады. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлері де ақылы медициналық қызметтер көрсетуге қатыса алады.

      17. Денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пациенттерге ақылы медициналық қызметтерді олар жүгінген сәттен бастап уақтылы және сапалы көрсету үшін жауапты болады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-60 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 304 бұйрығына
2-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысаны

      ____________________                         ____ жылғы "___"_______

      (Орналасқан жері)

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын

      __________________________________________________________________,

      (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын

      құжаттардың деректері)

      бір тараптан және бұдан әрі Қызметтер беруші деп аталатын ______________

      __________________________________________________________________

                              (Жарғы, Ереже)

      негізінде әрекет ететін ______________________________________________

      ___________________________________________________________ атынан

      (денсаулық сақтау ұйымының толық атауы)

      ____________________________________________________ екінші тараптан

      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Қызметтер беруші осы Шартқа ____ қосымшаға сәйкес ақылы қызметтерді _______ жылғы _________ бастап ______________ бойынша ____________ (____________) теңге сомасына _____ бастап _____ дейінгі мерзімде көрсетеді.

      толық жазылуы

      2. Тапсырыс беруші осы Шартта көрсетілген тәртіпте және мерзімде Қызметтер берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.

2. Ақы төлеу тәртібі

      3. Тапсырыс беруші Қызметтер берушінің қызметтеріне ақы төлеуді Қызметтер беруші ұсынған шотқа сәйкес нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша жүзеге асырады.

      4. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде Қызметтер берушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша қызметтер көрсету аяқталған сәтте төленеді.

      5. Егер ақылы медициналық қызметтер ұсыну кезінде шартта көзделмеген қосымша медициналық қызметтерді ақылы негізде ұсыну қажет болған жағдайда, Қызметтер беруші Тапсырыс берушінің келісімімен нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемін ескере отырып, шарттың сомасын түзетеді. Қосымша сома және оны төлеу тәсілі Тапсырыс берушімен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.

      6. Қызметтер беруші Тапсырыс берушіге ақы төлеу фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжатты береді.

      7. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қызметтер беруші Тапсырыс берушіге Шарт талаптарын Тапсырыс берушінің бұзған жағдайларын қоспағанда, төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет арасындағы айырманы төлейді.

3. Тараптардың міндеттері

      8. Қызметтер беруші:

      медициналық қызметті ақылы негізде ұсынуға хабарландырылған келісімді ала отырып, Тапсырыс берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық көмектің тиісті түрлері мен көлемдерін алу мүмкіндігі туралы ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынуға;

      ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес, аталған нозологиялар бойынша хаттамалар болмаған кезде – жалпыға бірдей қабылданған тәсілдерге және дәлелді базаға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге;

      Тапсырыс берушінің емдеу нәтижелерімен қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;

      егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, асқынулар, созылмалы аурулар кезінде пациенттің өміріне қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтерді ұсыну қажет болған жағдайда, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмекті ақы алмай ұсынуды қамтамасыз етуге;

      жасасқан Шарт шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті басқа денсаулық сақтау ұйымында көрсетуді ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;

      Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық, диагностикалық және сервистік қызметтердің түрлері мен көлемдерін көрсете отырып, белгіленген мерзімде шот ұсынуға;

      Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға міндетті.

      9. Тапсырыс беруші:

      жұмыс тәртібі мен режимін айқындайтын денсаулық сақтау ұйымында белгіленген ережелерді сақтауға;

      Шарт қызметтерін алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      қызметті немесе қызметтердің бір бөлігін алудан бас тарту туралы Қызметтер берушіні уақтылы хабардар етуге;

      көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді уақтылы жүргізуге міндетті.

4. Тараптардың құқықтары

      10. Тапсырыс берушінің:

      ақылы бөлімшеде (палатада) жұмыс істейтіндер қатарынан емдеуші дәрігерді таңдауға;

      жүргізілген емнің сапасы мен дәрігерлік тағайындаулардың негізділігіне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.

      11. Қызметтер берушінің:

      Тапсырыс беруші аурухана режимін бұзған және дәрігерлік ұйғарымдарды орындамаған жағдайда емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Қызметтер беруші ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша бұзушылық жағдайларына жол бергені үшін жауапты болады:

      1) медициналық қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу;

      2) ТМККК-ға кіретін қызметтер үшін Тапсырыс берушіден ақы алу;

      3) нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет ақы алу (пациент қаражатының және бюджет қаражатының есебінен).

      13. Осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      14. Тапсырыс беруші Қызметтер берушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.

      15. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың 2, 3, 4-тармақтары бұзылған жағдайда Қызметтер беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың сомасынан ____ % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалады.

      16. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәкес шешіледі.

6. Шартты өзгерту және бұзу

      17. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      18. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар бір-бірін алдын ала хабардар етуге міндетті.

7. Қорытынды ережелер

      19. Тараптардың бірде-бірі өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.

      20. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалған, бір данасы - Тапсырыс берушіде, екіншісі Қызметтер берушіде болады.

      21. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қолданылады.

8. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

      Қызметтер беруші:                                     Тапсырыс беруші:

      ________________                                     _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады