Жергілікті атқарушы органдардың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 мамырда № 18728 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 23 мамырдағы
№ 41 бұйрығымен
бекітілді

Жергілікті атқарушы органдардың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері

  мың теңге

р/р №

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің , оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл



ЖАО МЖӘ ММ лимиті

Қабылдау лимиті

ЖАО МЖӘ ММ лимиті

Қабылдау лимиті

ЖАО МЖӘ ММ лимиті

Қабылдау лимиті

1

Ақмола облысы

34 406 105

25 834 850

36 955 430

28 384 175

39 631 505

31 060 251

2

Ақтөбе облысы

33 266 189

13 545 330

34 650 788

14 929 929

37 849 128

18 128 269

3

Алматы облысы

73 296 654

64 305 176

68 083 959

59 092 481

73 855 291

64 863 813

4

Атырау облысы

45 557 693

24 099 317

49 397 300

27 938 924

55 674 223

34 215 847

5

Шығыс Қазақстан облысы

55 877 757

23 240 649

56 357 791

23 720 683

60 461 930

27 824 822

6

Жамбыл облысы

43 529 202

42 317 988

43 311 482

42 100 268

45 665 278

44 454 064

7

Батыс Қазақстан облысы

24 855 290

22 106 030

24 508 057

21 758 797

26 753 295

24 004 035

8

Қарағанды облысы

49 426 556

49 426 556

52 640 593

52 640 593

57 454 164

57 454 164

9

Қостанай облысы

35 421 128

18 996 076

36 377 230

19 952 178

39 064 414

22 639 362

10

Қызылорда облысы

35 783 845

25 281 616

39 061 049

28 558 820

41 149 559

30 647 330

11

Маңғыстау облысы

30 985 394

25 747 359

34 177 312

28 939 277

38 498 830

33 260 795

12

Павлодар облысы

32 659 408

23 859 552

34 498 569

25 698 713

38 014 734

29 214 878

13

Солтүстік Қазақстан облысы

27 354 264

23 959 446

27 965 151

24 570 333

29 781 379

26 386 561

14

Түркістан облысы

91 140 394

77 923 133

89 001 266

75 784 005

92 665 412

79 448 151

15

Шымкент қаласы

63 140 851

37 424 917

46 913 440

21 197 506

51 924 381

26 208 447

16

Алматы қаласы

214 977 343

165 109 650

256 957 372

207 089 679

269 300 482

219 432 789

17

Нұр-Сұлтан қаласы

136 357 482

98 877 015

150 493 240

113 012 773

169 422 014

131 941 547


Жиыны:

1 028 035 554

762 054 660

1 081 350 028

815 369 133

1 167 166 019

908 483 815

      Ескертпе: аббервиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады