"Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 мамырда № 18742 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

      2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – облыс басқармасы) немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – қала басқармасы) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      3) отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бұдан әрі – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндіруді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      4) өтінім – толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;

      5) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құны бойынша сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыштарды өндірушінің субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;

      6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      8) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;

      9) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      10) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;

      11) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия нормаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың (құн салығын есепке алмай) ең төмен нарықтық құны;

      12) шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;

      13) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі немесе топырақты агрохимиялық талдау жөніндегі мамандандырылған (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген) зертхана берген картографиялық ақпарат;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары), сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар көлемдері) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.

      Бұл ретте, тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Министрлікке береді.

      Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларды, сондай-ақ субсидиялар көлемдерді тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемдерін мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.

      Министрлік мақұлдағаннан кейін, тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын бекітіледі. Бұл ретте субсидиялар нормалары құн салығын есепке алмай белгіленеді.

      Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына, сондай-ақ субсидиялар көлемдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Субсидиялар көлемдері өзгерген жағдайда, облыстық басқарма (қалалық басқарма) субсидиялар көлемдерін ауыл шаруашылығына көзделген бюджеттік қаражат шегінде қайта бөледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ субсидиялар көлемдері мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:

      1) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінімді электрондық түрде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруі.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық түрде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.

      Тыңайтқыштарды өндірушілер өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.

      Бұл ретте, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады;

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеу;

      3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштарды өндірушінің жеке шоты болуы қажет.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өзі жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәтінен бастап берілді деп саналады;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің (бұдан әрі – ЭШҚӨЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау.

      Бұл ретте өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде (сұратылған электрондық шот-фактура субсидия алу үшін тыңайтқыштарды сатушыға және ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) оқшау мен электрондық шот-фактураны пайдалану туралы хабарлама жолдаумен ЭШҚӨЖ-де автоматты түрде оқшауланады) электрондық шот-фактура ЭШҚӨЖ-нен "сұрау-жауап"режимінде сұратылады.

      Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) ЭШҚӨЖ-ін пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден тыңайтқыштарды тікелей сатып алған кезде, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе мемлекеттік кірістер органы берген, тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын құжаттың мәліметтерімен расталады;

      5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      Шаруа немесе фермерлік қожалық түрінде құрылған ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өздерінің мүшелері сатып алған тыңайтқыштар үшін өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, олар туралы мәліметтер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталады. Бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалықтардың мүшелері субсидия алушылар болып табылады.

      Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады;

      6) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі;

      7) ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тыңайтылатын алқабына арналған алтыдан кем емес агрохимиялық көрсеткіш (қарашірік, РН, нитраттық, жеңілгидролиздендіргіш немесе сілтілігидролиздендіргіш азот, фосфор, калий мен күкірттің жылжымалы нысандары) бойынша электрондық агрохимиялық картограмманы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру кезінде электрондық агрохимиялық картограмманы тіркеу талап етілмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, республиканың тиісті өңіріндегі межелі (босату) пунктке дейінгі көлік шығыстары ескеріледі.";

      18-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қағидалардың 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      цифрлық даму, қорғау

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады