Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 512 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18760 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер" кіші сыныбында:

      29 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "29 Қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық";

      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:

      59 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "59 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      68 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "68 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      69 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "69 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      04 "Білім беру" функционалдық тобында:

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 006 бюджеттік бағдарламасы бар 746 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "746 Облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы

      006 Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 007 бюджеттік бағдарламасымен және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "007 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында спорттағы дарынды балаларға жалпы білім беру

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы бар 746 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "746 Облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы

      010 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында:

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 001 бюджеттік бағдарламасы бар 746 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "746 Облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы

      001 Жергілікті деңгейде туризм және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "002 Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу";

      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасымен және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "003 Әр түрлі спорт түрлері бойынша облыстың құрама командаларының мүшелерін дайындау және республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 004, 005, 032, 100, 102, 103, 106, 107, 108, 109, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 121, 122, 123, 124, 125 және 126 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "004 Ақпараттық жүйелерді құру

      005 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

      032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері

      115 Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      119 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      121 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу

      124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу

      125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";

      4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламасы бар 746 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "746 Облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы

      008 Туристік қызметті реттеу";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламасы бар 326 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "326 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы

      035 Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 055 бюджеттік бағдарламасы бар 809 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "809 Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі

      055 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      099 "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ-ға нысаналы аударым" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 030 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 054 бюджеттік бағдарламасымен және 011 мен 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "054 "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 092 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "092 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 093 бюджеттік бағдарламасымен және 011 мен 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "093 "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 026 "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 065 және 096 бюджеттік бағдарламалары бар 746 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "746 Облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы

      065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      1 "Салықтық түсімдер" санатында:

      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар" сыныбында:

      3 "Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер" кіші сыныбында:

      29-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық

1

05

3

29






100


  ";

      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:

      59-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

59

100







  ";

      68-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

68

100







  ";

      69-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

69

100







  ";

      4 "Трансферттердің түсімдері" санатында:

      01 "Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер" сыныбында:

      1 "Облыстық бюджеттерден, республикалық маңынызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер" кіші сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер";

      1 "Облыстық бюджеттерден, республикалық маңынызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер" кіші сыныбында:

      07-ерекшелік мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен алынатын бюджеттік алу

4

01

1

07

100







  ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады