"Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 7 маусымда № 18811 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9981 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері:

      1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы қабылданған хабарламалар негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы;

      2) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі ұсынған деректердің негізінде, сондай-ақ бақылау және қадағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректердің негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүзеге асырады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі бойынша ақпаратты ұсыну тәртібі";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айдың 5-күніне салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әр тоқсанның 5-күніне салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты жібереді.

      Егер объектілер мен кешендер құрылысын одан әрі жоспарлау болмаған жағдайда, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімдерде ұсынылмайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін www.miid.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады