"Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 маусымда № 18816 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12062 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесінде*:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Ақсу ауданы, Алматы қаласының Бостандық ауданы;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары, Семей, Курчатов қалалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Алтай, Бородулиха, Глубоковское, Шемонаиха аудандары, Риддер қаласы;";

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандары, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары;";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысында – Арқалық қаласы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Таранов, Ұзынкөл, Федоров аудандары;";

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандары;";

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандары, Түркістан қаласы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары және Шекара қызметінің құрамалары, әскери бөлімдері, бөлімшелері үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандары.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кадрлық жұмыс және әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-майор
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      _________________________

      2019 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      ___________________________

      2019 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      __________________________

      2019 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      _________________________

      2019 жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады