"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан халықаралық пошталық қалыптастырылған жөнелтімді әкету кезінде, оның шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделінген құжаттарды рәсімдеу, көрсетілген тауарлар партиясының халықаралық пошталық жөнелтілімін қалыптастырумен байланысты, іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 маусымда № 18864 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 14-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 291-бабы 7-1-тармағына сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан халықаралық пошталық қалыптастырылған жөнелтімді әкету кезінде, оның шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделінген құжаттарды рәсімдеу, көрсетілген тауарлар партиясының халықаралық пошталық жөнелтілімін қалыптастырумен байланысты, іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2019 жылғы 18 маусымдағы
№ 599 бұйрығымен
бекітілді

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 291-бабы 7-1-тармағына сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан халықаралық пошталық қалыптастырылған жөнелтімді әкету кезінде, оның шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделінген құжаттарды рәсімдеу, көрсетілген тауарлар партиясының халықаралық пошталық жөнелтілімін қалыптастырумен байланысты, іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға кедендік операцияларды жасау қағидаларын

1-ші тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан (бұдан әрі – ЕЭА) халықаралық пошталық қалыптастырылған жөнелтімді (бұдан әрі – ХПЖ) әкету кезінде, оның шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделінген құжаттарды рәсімдеу, көрсетілген тауарлар партиясының ХПЖ қалыптастырумен байланысты, іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға кедендік операцияларды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 291-бабының 14-1-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 360 бұйрығымен бекітілген тауарлар санатына жатқызылатын, тауарлардан ХПЖ партиясын ЕЭА аумағында қалыптастыру кезінде кедендік операцияларды жасау тәртібін анықтайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16673 болып тіркелген).

2-ші тарау. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 291-бабы 7-1-тармағына сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан халықаралық пошталық қалыптастырылған жөнелтімді әкету кезінде, оның шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін, Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделінген құжаттарды рәсімдеу, көрсетілген тауарлар партиясының халықаралық пошталық жөнелтілімін қалыптастырумен байланысты, іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға кедендік операцияларды жасау тәртібі

      3. Тағайындалған пошта байланысының операторы (бұдан әрі – Оператор), осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, ЕЭА аумағына әкелінген және Оператордың қоймасында орналастырылған тауарлар санаттарына қатысты, кедендік операциялар жасау және кедендік операциялар алдындағы мынадай іс-қимылдар жасайды:

      1) Оператор қоймасында:

      тауарларды қабылдайды, оларды есепке алады, сұрыптайды, тауарларды буып-түяды, қайта буып-түяды;

      тауарлардың сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдайды;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге ХПЖ әкету үшін, Пошта құжаттарын (СN -22 немесе СN-23, CN-31, CN-33, CN-34, CN-35, CN-36, CN-37, CN-38, CN-41, СЗ-71, СЗ-72, CP-83, CP-84, CP-85, CP-87, Е1), шетелдік контрагенттен ХПЖ алушысы (алушылары), оның мекенжайы, жеткізілетін ел туралы ақпаратты және басқа да мәліметтерді алғаннан кейін, ХПЖ партиясын (партияларын) қалыптастыру және осындай партияға (осындай партияларға) пошта құжаттарды ресімдейді;

      қалыптастырылған ХПЖ және осындай ХПЖ-мен ілеспе жүретін құжаттардың партияларын ЕЭА аумағында орналасқан халықаралық пошта алмасу орнына (бұдан әрі - ХПАО) тапсыру.

      2) ХПАО-да:

      ХПЖ партияларын, кедендік және оларға қатысты басқа құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымдық тұлғасына ұсыну;

      Кодекстің 42-тарауында көзделеген ерекшіліктерді қолданып, ХПЖ партияларын кедендік декларациялаумен байланысты операцияларды жүргізу;

      ХПАО-нан ХПЖ әкету партияларының ресімделуіне – кедендік бақылауды және бітіргеннен кейінгі кедендік операцияларды жүргізу.

      4. ХПАО орналасқан, мемлекеттік кірістер органы, Кодекске сәйкес ХПЖ партияларына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асырады.

      5. ХПАО-нан ХПЖ партияларын Оператормен шығарған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге шығару мақсатында, Кодекстің 370-бабында көзделген ерекшелітерді қолдана отырып, көрсетілген ХПЖ партиялары кейін кедендік транзит кедендік рәсіміне енгізіледі.

      Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 291-бабы 7-1-тармағына сәйкес Дүниежүзілік пошта одағының актілерімен көзделген, (СN-37, СN-38, СN-41) құжаттарды транзиттік декларация ретінде пайдалана отырып, тасымалдайтын көлік түріне байланысты кедендік операциялар жасайды.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген кедендік операциялар, Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде аяқталуы тиіс.

      7. Қалыптастырылған ХПЖ партияларын ЕЭА аумағынан әкетуді Оператор Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде ғана жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады