ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15370 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау бұйрығына:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бекіту – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мыналарға беретін рұқсаттама:
Техникалық нұсқаулықтарда жолаушылар және (немесе) жүк әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған деп көрсетілген және ондай жүктер бекітуі бар болған жағдайда тасымалдануы мүмкін деген қауіпті жүктерді тасымалдауға;
Техникалық нұсқаулықтарда айтылған басқа мақсаттарда;
3) босату – Техникалық нұсқаулықтар ережелерінің қолданысынан босатуды көздейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым беретін бекітуден басқа рұқсаттама;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жолаушылар әуе кемесі – экипаж мүшесі, қызметтік міндеттерді орындау кезінде пайдаланушының қызметкері, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (уәкілетті ұйымның) уәкілетті өкілі немесе жүк партиясын немесе басқа жүкті алып жүруші болып табылмайтын, кез келген адамды тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемесі;";
48, 49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Техникалық нұсқаулықтарға сәйкес ерекше жағдайларда азаматтық әуе кемелерімен қауіпті жүктерді тасымалдауға тыйым салудан босатуды ұсынады:
1) төтенше жағдайларда;
2) басқа көлік түрлерін пайдалану орынсыз болғанда;
3) белгіленген талаптарды нақты сақтау қоғамдық мүдделерге қайшы болғанда.
Төтенше жағдайлармен туындаған қауіпті жүктерді тасымалдау қажеттілігі мыналармен негізделеді:
гуманитарлық және экологиялық көмек көрсетумен;
эпидемиямен;
ұлттық немесе халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен;
адамдарды құтқарумен (авариялық-құтқару жұмыстары).
49. Қауіпті жүктерді тасымалдауға босатуды алу үшін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әуе бойынша бұйымдарды немесе заттарды тасымалдау қажеттілігінің негіздемесі;
2) Техникалық нұсқаулықтарда көзделген қауіпсіздік деңгейі тең дәрежелі деңгейге қамтамасыз етілетін тасымалдау кезінде көрсетілген негіздеме;
3) барлық нақтыланған техникалық деректермен жүктің атауы, сыныптауы және БҰҰ тізімі бойынша нөмірі;
4) ұсынылатын буып-түю жиынтығы;
5) тасымалдауға жататын жүк орнының саны;
6) өңдеу түрлері және авариялық жағдайлардағы іс-қимылдар;
7) жүк жөнелтуші мен жүк алушының атаулары мен мекенжайлары;
8) ұшып шығу, транзит, межелі әуежайлар, межелі мемлекет, жөнелту мемлекеті және болжамды тасымалдау мерзімдері;
9) әуе кемесінің ұшу жоспары.
50. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым беретін босатуда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) қауіпті жүктің БҰҰ тізімі бойынша нөмірі, тиісті тиеу атауы және сыныптауы;
2) буып-түю жиынтығы және қолданылатын саны;
3) осы Қағидалардың 49-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында аталған ақпарат;
4) Қазақстан Республикасының аумағына қонбай орындалатын рейстерді қоспағанда қауіпті жүктерді тиеуге және түсіруге қатысты талаптар;
5) босатудың қолданылу мерзімі (босатуды беру күнінен бастап бір айдан аспайды).
Босатуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым береді және бір данасы тиісті пайдаланушыға 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.