"Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18919 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына:

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Тыл бастығы:

      су көздеріне барлау жүргізуі, сорғы-жеңқұбыр жүйесін таңдауы;

      өрт сөндіру автомобильдерін күтіп алып, су көздеріне орналастырылуын ұйымдастыруы;

      күштер мен құралдардың резервін шоғырландыруы;

      ӨСБ, ШБ суды айдау арқылы немесе тасып берілуін ұйымдастыру үшін өрт сөндіру автомобильдерінің қажетті саны туралы баяндауы;

      өрт сөндіргіш заттардың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуі, қажет болғанда өрт орнына арнайы өрт сөндіргіш заттар мен материалдарды жеткізуді ұйымдастыруы;

      қаланың, объектінің сумен жабдықтау қызметтерімен бірге өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруы;

      жеке құрамды резервтік жауынгерлік киіммен және тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауы;

      өрт сөндіру автомобильдерін жанар-жағармай және басқа пайдалану материалдарымен уақтылы қамтамасыз етуді ұйымдастыруы;

      жеңқұбыр жолдарын қорғауды, сонымен қатар патрульдік полиция қызметкерлерімен тыл учаскесінде қаланың көлік қозғалысын ретке келтірудегі өзара іс-қимылдарды қамтамасыз етуі;

      қажет болғанда өрт сөндіру автомобильдері мен жабдықтардың жұмысын қалпына келтіруді ұйымдастыруы;

      өрт сөндіру автомобильдерінің жұмысын, өрт сөндіргіш заттары мен материалдарының есебін жүргізуі, өрт сөндіру автомобильдерін су көздеріне орналастыру мен магистральдық жеңқұбыр жолдарын төсеу схемасын құруы қажет.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады