"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында:
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Билетi бар әрбiр жолаушыға, салонда жеке орын ұсынылмай тасымалданатын балаларды қоспағанда, салмағы 20 килограмнан аспайтын қол жүгiн және багажды тегiн тасымалдауға белгіленеді. Ұшақ салонына кіргізілетін қол жүктің жалпы салмағы мен оның шекті габариттері тасымалдаушымен белгіленеді.
Тегін тасымалданатын багаж салмағын ұлғайту және басқа да жеңілдіктерді белгілеуді тасымалдаушы қарайды.
Осы тармақтың ережелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған тасымалдаушыға қолданылмайды. Мұндай тасымалдаушы өздігінен жүктің салмағын, габариттерін және қол жүгiн және багажды тегiн мөлшерін тасымалдауға белгіленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________________
2019 жылғы "____" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
__________________
2019 жылғы "____" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________
2019 жылғы "____" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
__________________
2019 жылғы "____"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________
2019 жылғы "____"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________
2019 жылғы "____"_________