БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. ҚҚС асып кетуін қайтару:
1) Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабының (бұдан әрі - талап);
2) шағым жасау (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растайтын тақырыптық тексеру актісінің;
3) Салық кодексінің 152-бабы 13-тармағында көзделген жағдайда тақырыптық тексеру актісіне қорытындының негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талабы, бастапқы, кезекті және (немесе) тарату ҚҚС бойынша декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
Егер, ҚҚС төлеуші салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларациясында ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсетпесе, мұндайда осы ҚҚС асып кетуі ҚҚС бойынша келешектегі төлемдер есебіне есепке алынады немесе Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде қайтаруға ұсынылуы мүмкін.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларындағы ережелер Салық кодексінің 433, 434-тармақтарына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомаларын қайтаруды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік кірістер органы талапты алғаннан кейін, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Салық кодексінің 212-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген соңғы күннің мерзімі өткеннен кейін бюджеттен қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кетуінің дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру (бұдан әрі – тақырыптық тексеру) тағайындайды.
Бұл ретте тақырыптық тексеру Салық кодексінің 152-бабы 2-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін тағайындалады.
Осы тармақтың ережелері, салық төлеушіге қатысты Салық кодексінің 433 және 434-баптарына сәйкес оның оңайлатылған тәртіпте ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талабын қараған кезде қолданылмайды.
Егер:
салық төлеушінің дербес шотында ҚҚС асып кету сомасының болмауы;
және (немесе)
Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі мен тәртібінің бұзылғандығы айқындалса, мемлекеттік кірістер органы салық төлеушіге ҚҚС бойынша декларациясын табыс еткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде, талапты қараудан бас тартатындығы туралы хабарлайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Салық кодексінің 152-бабы 12-тармағына сәйкес салықтық тексеру аяқталған күнге:
1) тікелей өнім берушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізуге сұрау салуларға жауаптар алынбаған;
2) "Пирамида" талдамалық есебіне талдаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтар айқындалған тексеріліп жатқан салық төлеушінің жеткізушілері бойынша;
3) ҚҚС сомаларының дұрыстығы расталмаған;
4) ҚҚС сомаларының дұрыстығы, қарсы тексеруді жүргізуге мүмкіншілігінің жоқтығына байланысты, оның ішінде:
жеткізушінің орналасқан орынында болмау;
жеткізушінің есеп құжаттарын жоғалтып алу себептерімен расталмаған.
Бұл ретте, осы тармақтың 2) тармақшасындағы ережелер, мына тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілермен "Пирамида" талдамалық есептің нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жойған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны кемінде 150 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және ҚҚСның асып түсуін қайтару туралы талабы ұсынылған салық кезеңінің алдындағы соңғы бес жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша осы Қағидаларлар, олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты қолданылмайды;
Тақырыптық тексеру актісінде қайтаруға ҚҚС асып кету сомаларының қайтарылмау негіздемесі көрсетіледі.
Бұл ретте, тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы Салық кодексінің 48-бабында белгіленген, талап етудің өткен мерзімі шегінде кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС қайтару туралы талапта салық төлеуші қосу жолымен салық заңнамасын бұзушылықтарды тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушілердің жоюы бойынша қайтаруға жатады.
Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы осындай өнім берушілер бойынша "Пирамида" талдамалық есептің нәтижелеріне талдау жүргізеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Осы Қағидалардың 20-тармағының ережелері:
Салық кодексінің 432, 433-баптарына сәйкес қайтару жүзеге асырылатын ҚҚС асып кету сомасына;
Салық кодексінің 434-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды."
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Тақырыптық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырма бесінші күнінен кешіктірілмей екі данадан кем емес санында толтырылады және салық органының лауазымды тұлғаларының қолы қойылады. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол көрсетілген тақырыптық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы басқа данаға белгісін қояды.
Қорытынды бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген, Жеке шоттарын жүргізу қағидаларында көзделген ережелерге сәйкес мерзімде және тәртіпте жүргізіледі.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Егер, тақырыптық тексеру басталғанға дейін салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС асып кету сомасы салық төлеушінің дербес шотында болмауы анықталған және (немесе) көрсетілген салықтық өтінішті тапсырылған мерзімінде Салық кодексінің 208, 209, 210 және 424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімі бұзылған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге Салық кодексінің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті қараудан бас тартылғаны туралы хабарлайды.";
40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағында көзделген сәйкес келмеуі белгіленген кезде салық төлеушіге асып кеткен ҚҚС-ты қайтаудың оңайлатылған тәртібін олардың қолдану құқығының жоқ екендігі туралы хабарлама жолданады.
Сонымен қатар салық төлеуші Салық кодексінің 431-бабында көзделген асып кеткен ҚҚС-ты қайтау тәртібін олардың қолдану құқығы туралы хабардар етіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде салық төлеуші мемлекеттік кірістер органын Салық кодексінің 431-бабында көзделген асып кеткен ҚҚС-ты қайтау тәртібін қолданудан бас тарту немесе келісуі туралы - қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін салық төлеушіден тиісті жауаптың болмауы Салық кодексінің 431-бабында көзделген асып кеткен ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту факті болып табылады.
41. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін Салық кодексінде белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жасау қажет болатын салық төлеушілердің тізімі құрылады.
42. Есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш және салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер негізінде мемлекеттік кірістер органы қайтаруға өкімді екі данада жасайды.
Бұл ретте салық төлеушінің берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер өкім жасалған күнге қалыптастырылады.";
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес және 433-бабына сәйкес салық төлеушіге ҚҚС асып кетуін қайтарған жағдайда не осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тартқан кезде есептілік салық кезеңінің соңына өсу жиынтығымен декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кеткен сомасы, қайтаруға ұсынылған, соның ішінде оңайлатылған тәртіппен қайтарылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексерудің нәтижесі бойынша, бірақ Салық кодексінің 434-бабына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабында көрсетілген ҚҚС-тан артық емес сомасында, не Салық кодексінің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы талабында бір уақытта көрсету кезінде қалыптасқан ҚҚС-тан артық емес сомасында және Салық кодексінің 429-бабының 5-тармағына сәйкес қалған ҚҚС асып кеткен сомасында қайтарылуға жатады.
Осындай тексеру нәтижесі бойынша қайтаруға жататын асып кеткен ҚҚС сомасы есепті салықтық кезең соңында өсу қортындысымен декларация бойынша қалыптасқан асып кеткен сома, Салық кодексінің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес қайтарылған ҚҚС сомасы мен тексеру нәтижесі бойынша расталмаған, бірақ ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС сомасынан артық емес ҚҚС сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
46. Салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару туралы оның талабының негізінде бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушіге ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару салықтық тексеру жүргізбестен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бұл ретте ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару талапта көрсетілген, бірақ ол Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, ҚҚС бақылау шотын пайдаланған салық кезеңінен аспайтын салық кезеңі үшін жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес қайтаруға ұсынылған асып кеткен ҚҚС сомасының дұрыстығын растауды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйелерде бар деректердің негізінде жүргізеді.
Бұл ретте асып кеткен ҚҚС сомасының дұрыстығы ішінара не толық расталмаған жағдайда, мыналарда:
осы Қағидалардың 49-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерге Салық кодексінің 433-бабына сәйкес асып кеткен ҚҚС қайтаруға құқықтың жоқтығы туралы хабарланады;
осы Қағидалардың 49-тармағы 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілерге Салық кодексінің 433-бабына сәйкес асып кеткен ҚҚС қайтаруға құқықтың жоқтығы туралы, Салық кодексінің 429, 431, 432 және 434-баптарында көзделген асып кеткен ҚҚС қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хабарланады.";
47-тармақ алып тасталсын;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Салық кодексінің 433-бабы 3-тармағында көрсетілген салық төлеушіге өткізу кезінде ҚҚС сомасын есептеу бақылау шотын пайдалана отырып жүргізілген тауарларды сатып алу (алу) бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кеткен сомасы бөлігінде, электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулінде осындай тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты ескере отырып, асып кеткен ҚҚС-ты қайтару жүргізіледі.";
51 және 52-тармақтар алып тасталсын;
53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Егер ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушісінде ҚҚС бойынша салық міндеттемелерін және салық кезеңінің қорытындысы бойынша тауарлардың жеткізушілерімен және (немесе) сатып алушыларымен есеп айырысуларды орындағаннан кейін ҚҚС бақылау шотында ақша қалдығы болған жағдайда, онда салық төлеуші Салық кодексінің 101-бабында айқындалған тәртіппен қайтарылуы мүмкін ҚҚС-тің көрсетілген сомасын бюджетке аударуға құқылы.
Осы тармақтың ережесі де қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылғанды қоспағанда, ҚҚС бақылау шотын қолданатын салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылады.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсатында артық төленген ҚҚС сомасы, ақпараттық жүйелерде бар ҚҚС сомасы бөлігіндегі тауарларды жеткізушілер мен (немесе) сатып алушылардың өзара есеп айырысуы бойынша мәліметтерді ескере отырып айқындалады.
54. ҚҚС төлеушіде қалыптасқан ҚҚС асып кеткен сомасы Салық кодексінің 431-бабында және (немесе) 432 және (немесе) 433 және (немесе) 434 және (немесе) 429-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімде салық төлеушінің таңдауы бойынша қайтаруға жатады.
ҚҚС асып кетуі салық төлеушіге Салық кодексінің 434-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіпте қайтарылған жағдайда, ҚҚС қалған бөлігі, бірақ ҚҚС қайтару туралы талапта көрсетілген ҚҚС аспайтын сомасы, салық төлеушінің таңдауы бойынша Салық кодекстің 431 және (немесе) 433-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімде қайтарылады.
55. ҚҚС төлеушi осы Қағидалардың 49-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, бюджеттен қайтарылған ҚҚС сомасы, Салық кодексінің 104-бабы 4-тармағында көрсетiлген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбiр күн үшiн есептелген айыппұлмен қоса бюджетке төленедi.
Бұл ретте бюджетке ҚҚС сомасын және осы тармақта көзделген айыппұлдарды төлеуді салық төлеушімен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламамен келіскен жағдайда Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес немесе салық төлеушінің тексеру нәтижелері бойынша хабарлама негізінде жүзеге асырылады.";
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Қазақстан Республикасы |
Қаржы министрі |