"Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 18970 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген, "Казахстанская правда" 2011 жылғы 10 тамыздағы № 251 (26672) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әуе кемелерінің экипажы мүшелерінің, ӘК ТҚ жөніндегі маманның, ӘҚД диспетчерінің, ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі маманның және авиация станциясы операторының функцияларын орындауды осы Біліктілік талаптарына жауап беретін және тиісті біліктілік белгілерімен қолданыстағы куәлігі бар адам жүзеге асырады. Осы Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттары, олардың көшірмелері мен жазбалары бар авиация персоналының жеке істері азаматтық авиация ұйымдарында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) сақталады және авиация персоналы куәлігінің қолданылу әрекеті аяқталған сәттен бастап 5 жыл өткен соң уәкілетті ұйымның мұрағатына заңнамада белгіленген тәртіппен тапсырылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      45-тармақта:

      3) тармақшаның 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында оқу арқылы, үлгі бағдарламаларда ұсынылған модульдер түрінде теориялық және практикалық элементтерді қамтитын бастапқы даярлық курстарынан өту немесе уәкілетті ұйымда немесе сертификатталған оқу орталығында емтихан арқылы теориялық білімдерінің деңгейін көрсетіп өз бетінше, сондай-ақ сертификатталған АОО-да оқу кезінде аттестаттаушы маманның (бағалаушының), кемінде 200 сағат көлемінде Үлгі бағдарламаларға сәйкес әзірленген даярлық курсынан өту және мына салаларда теориялық білімдерінің деңгейін көрсету:";

      5) тармақшаның 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Үлгі бағдарламаларда ұсынылған базалық дағдылар бағдарламасына сәйкес ӘК ТҚК базалық тәжірибесі куәлік алуға үміткерде уәкілетті ұйымның маманды техникалық мамандықта тәжірибелі қызметкер ретінде қарауға мүмкіндік беретін жоғары немесе орта техникалық білім болған кезде:";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Нұсқаушылар мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) ӘК пилот-нұсқаушысы;

      2) ӘК үлгісінің нұсқаушысы;

      3) ӘК сыныбы бойынша нұсқаушысы;

      4) аспаптар бойынша ұшуға рұқсат үшін нұсқаушы;

      5) пилотаждық жаттығу құрылғылары бойынша нұсқаушы;

      6) көп мүшелі экипажбен басқарылатын ӘК экипажы мүшелерінің өзара іс-қимылы бойынша нұсқаушы;

      7) кешенді ұшу дайындығы бойынша нұсқаушы.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Нұсқаушының біліктілік белгісінің қолданылу мерзімі уәкілетті ұйымның шешімі бойынша анықталады, бірақ 3 жылдан аспайды.";

      68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. "Ұшқыш" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) Ұшып көтерілуі кемінде 200 сағат, олардың ішінде 150 сағат КВС ретінде;

      2) пилоттың қоланыстағы куәлігінің болуы;

      3) ұшу нұсқаушысының курсына түсу алдында ұшу тексерісінің алдын алатын 6 ай ішінде поршеньді күш қондырғысымен бір қозғалтқышы бар ұшақта ұшып көтерілуі 5 сағаттан кем емес;

      4) ұшу нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      бір пилот басқаратын ӘК ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 15 сағатты қамтиды.

      69. "Тікұшақ" пилот-нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) тікұшақта ұшып көтерілуі кемінде 250 сағат, олардың ішінде тікұшақтың командирі ретінде кемінде 100 сағат;

      2) коммерциялық тікұшақ пилотының куәлігі болуы;

      3) ұшу нұсқаушысының курсына түсу алдында ұшу тексерісінің алдын алатын 6 ай ішінде бір қозғалтқышы бар тікұшақта ұшып көтерілуі кемінде 5 сағат;

      4) тікұшақтың ұшу нұсқаушыларының курстарынан өту:

      ұшуды оқыту әдістемесі 50 сағат;

      теориялық оқыту әдістемесі бойынша 25 сағат;

      ӘК тиісті үлгісіндегі ұшуды пайдаланудың бейінді пәндері бойынша 10 сағат;

      бір пилот басқаратын ӘК ұшу-әдістемелік дайындықтың кемінде 15 сағатты қамтиды.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Бір пилот басқаратын ұшақтың немесе көп мүшелі экипаж басқаратын ұшақтың бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) коммерциялық ұшақ пилотының, көп мүшелі экипаж ұшқышының немесе желілік авиакомпания пилотының куәлігінің бар болуы;

      2) бір пилот басқаратын ӘК нұсқаушысы үшін - бір пилот басқаратын ұшақта ұшып көтерілуі кемінде 500 сағат, оның ішінде осы үлгідегі ӘКК ретінде кемінде 30 сағат немесе нұсқаушының біліктілік белгісі және аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты туралы біліктілік белгісі бар;

      3) көп мүшелі экипажы бар ӘК нұсқаушысы үшін - көп мүшелі экипажы бар ұшақта ұшып көтерілуі кемінде 1500 сағат, оның ішінде осы үлгідегі ӘКК ретінде маршрут бойынша 30 учаске, олардың ішінде ұшу жаттығу құрылғысында өтінімде болжанған 12 ай ішінде орындалған 15 астам емес ұшуға рұқсат етіледі;

      4) сұрау салынатын ӘК үлгісі бойынша нұсқаушыларды дайындау курсынан өту (кәсіби деңгейін қолдау кезінде нұсқаушыларды дайындау бойынша өткен курс есептелінеді).";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Пилотаждық жаттығу құрылғылары бойынша нұсқаушының біліктілік белгісін алушы үміткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:

      1) коммерциялық пилоттың, көп мүшелі экипаж пилотының немесе ӘК нақты түрінің авиакомпаниясының желілік пилоты куәлігінің бар болуы немесе болғаны;

      2) аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты туралы рейтингісі біліктілік белгісінің бар болуы немесе болғаны;

      3) аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты жөніндегі нұсқаушының оқу курсын сәтті аяқтаған;

      4) 12 ай ішінде ұшу жаттығу құрылғысында ӘК тиісті үлгісі бойынша біліктілік тексерісінен өткен;

      5) көп мүшелі экипажы бар ұшақтар үшін жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін мыналар қажет:

      көп мүшелі экипажы бар ұшақтардың немесе көтергіш күшін ұлғайту жүйесі бар ӘК пилоты ретінде ұшу уақыты кемінде 1500 сағат;

      пилот немесе байқаушы ретінде, 12 ай ішінде;

      тиісті үлгідегі ӘК бортында маршрут бойынша 3 сектор; немесе

      білікті ұшу экипажымен жүргізілген тиісті үлгідегі ӘК жаттығу құрылғысында ұшу дайындығының 2 сызықтық-бағдарланған сессиясы.

      Осы жаттығу құрылғысының сессиялары 2 әртүрлі әуеайлақтар арасында 2 сағат бойынша 2 маршрутты, сондай-ақ тиісті ұшу алдындағы нұсқама және ұшудан кейінгі іріктеуді қамтиды;

      6) бір пилотпен көтеру күшін арттыру жүйесі бар ұшақтар үшін жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін мыналар қажет:

      тиісті үлгідегі ӘКК ретінде ұшу уақыты кемінде 500 сағат;

      ұшақта аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты жөніндегі нұсқаушы біліктілігінің болуы немесе болғаны;

      7) тікұшақтар үшін жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін алу үшін мыналар қажет:

      тиісті үлгідегі тікұшақтың бортында 12 ай ішінде пилот ретінде немесе байқаушы ретінде ұшу 1 сағат;

      көп мүшелі экипажы бар тікұшақтар үшін тікұшақтарда пилот ретінде ұшып көтерілу кемінде 1000 сағат, оның ішінде көп мүшелі экипажы бар тікұшақтарда пилот ретінде ұшып көтерілу кемінде 350 сағат;

      бір пилоты бар көп қозғалтқышты тікұшақтар үшін пилот ретінде 500 сағаттан, оның ішінде ӘКК ретінде кемінде 100 сағат;

      бір пилоты бар бір қозғалтқышты тікұшақтар үшін тікұшақ пилоты ретінде кемінде 250 сағат;

      8) жаттығу құрылғысы нұсқаушысының біліктілік белгісін атап айтқанда базалық дайындығы бар жаттығу құрылғысында алу үшін практикалық дайындықтан өтуі және осы мақсаттарда уәкілетті ұйым белгілеген білікті нұсқаушының бақылауымен 3 сағаттан кем емес көлемде тексеруден өтуі қажет.";

      81-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көп мүшелі экипажды үйлестіру бойынша нұсқаушылар үшін бекітілген курс шеңберінде рәсімдік жаттығу құрылғысында немесе ұшу жаттығу құрылғысында оқыту:

      ұшуды оқыту әдістемесі – 25 сағат (ұшу нұсқаушыны, ӘК үлгісіндегі нұсқаушыны, ӘК сыныбындағы нұсқаушыны, аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты жөніндегі нұсқаушыны, жаттығу құрылғысының нұсқаушысын дайындау бойынша өткен курс есептелінеді);

      теориялық оқыту әдістемесі (оқыту және зерделеу) – 25 сағат ұшу нұсқаушыны, ӘК үлгісіндегі нұсқаушыны, ӘК сыныбындағы нұсқаушыны, аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты жөніндегі нұсқаушыны, жаттығу құрылғысының нұсқаушысын дайындау бойынша өткен курс есептелінеді);

      пайдаланылатын жаттығу құрылғысын зерделеу бойынша техникалық оқу;

      ӘК үлгісіндегі нұсқаушыны, жаттығу құрылғысының нұсқаушысын немесе көп мүшелі экипажды үйлестіру бойынша нұсқаушыны осы мақсаттарда уәкілетті ұйым белгілеген бақылауымен және талаптарды орындай отырып тиісті жаттығу құрылғысында барлық курстың шеңберінде көп мүшелі экипажды үйлестіру бойынша практикалық дайындық/нұсқама 3 сағаттан кем емес.";

      82-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы мақсаттарда уәкілетті ұйым белгілеген бақылауымен және талаптарды орындай отырып кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушының функцияларымен байланысты пилотаждық жаттығу құрылғысында ұшу дайындығы 3 сағаттан кем емес немесе егер кешенді ұшу дайындығын жүргізу бойынша нұсқаушы оқытуды тек аспаптар бойынша ұшудың оқу стендінде жүргізуге ниетті болғанда, оған нұсқаушының осы мақсаттарда уәкілетті ұйым белгілеген бақылауымен және талаптарды орындай отырып 3 сағаттан кем емес ұшу дайындығын жүргізу қажет;";

      83-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) рұқсаттың жарамдылық мерзімі уәкілетті ұйымның қарауы бойынша айқындалады, бірақ 3 жылдан аспайды;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады