ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің № 33 (28257) санында 2014 жылғы 18 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтын 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) емтихан алушы (бағалаушы) - тиісті біліктілігі бар, куәліктер/біліктілік белгілерін беру/мерзімін ұзарту және өздігінен қызмет етуге рұқсат беру мақсатында авиациялық персоналдың; мамандардың теоретикалық білімін және/немесе практикалық дағдысын бағалауды жүргізуге уәкілетті және азаматтық авиация саласындағы ұйым тағайындаған жеке тұлға;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ұшқыштар үшін емтихан алушылардың мынадай тағайындаулар айқындалады:
1) ұшу емтиханын алушы - (FE).
2) ӘК типі бойынша емтихан алушы - (ТRE).
3) ӘК сыныбы бойынша емтихан алушы - (СRE).
4) аспап бойынша ұшуға жөніндегі рұқсат беру емтихан алушы - (IRE).
5) жаттықтыру емтихан алушы - (SFE).
6) ұшу нұсұқаушыларынан емтихан алушы - (FIE).";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Әуе кемесінің көп мүшелік экипажының "ұшақ" - ТRE(А) типі бойынша біліктілігін алуға кандидаттың көп мүшелік экипажы бар әуе кемесінің ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты бар, олардың кемінде 500 сағаты ӘК командирі ретінде және ТRI(A) біліктілігіне ие.
16. "Тікұшақ" - ТRE(Н) типі бойынша біліктілігін алуға кандидаттың көп мүшелік экипажы бар тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты бар, олардың кемінде 500 сағаты ӘК командирі ретінде және ТRI(Н) біліктілігіне ие.";
19-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкілетті ұйыммен келісу бойынша TRE(A) біліктілігін беру.";
20-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті ұйыммен келісу бойынша TRE(H) біліктілігін беру.";
4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. IRE - аспабы бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары.";
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. IRE(А) - аспап бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі біліктіліктен емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатта IRE(А):
1) IRI(A) біліктілік белгісі;
2) ұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде аспаптар бойынша кемінде 500 ұшу сағаты, олардың ішінде нұсқаушы ретінде 250 сағат бар.
25. IRE(Н) - аспап бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі біліктіліктен емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатта IRE(Н):
1) IRI(Н) біліктілік белгісі;
2) тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде аспаптар бойынша 300 ұшу сағаты, олардың ішінде нұсқаушы ретінде 200 сағат бар.
26. SFE(A) Ұшақтың жаттықтыру құрылғысында емтихан алушының біліктілігін алуға кандидаттың АТPL(A) әуекомпаниясының желілік ұшқыш куәлігі және көп мүшелік экипажды ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты мен SFI(A) біліктілік белгісі бар.";
30-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтық авацияның уәкілетті ұйыммен келісу бойынша ӘК тиісті түрінің FE, CRE, TRE немесе FIE біліктілігін иелену, қолданылу мерзімін ұзарту немесе қалпына келтіру;
тексерілетін нұсқаушыда тиісті біліктілік болатын жағдайда, FI, CRI, IRI және TRI біліктіліктерін беру, қолданылу мерзімін ұзарту немесе қалпына келтіру.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |