"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 708 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19014 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кіші функциясында:

      120 "Облыс әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      3 "Сыртқы саяси қызмет" кіші функциясында:

      204 "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi", 243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" және 249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасы бар 225 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" кіші функциясында:

      340 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық ортаны регенерациялау басқармасы", 341 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" және 343 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:

      2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" кіші функциясында:

      287 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық органы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" кіші функциясында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      203 "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 117 және 118 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "117 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жұмысшы біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия мөлшерін ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      118 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі қызметтер";

      261 "Облыстың білім басқармасы", 360 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы" және 753 "Облыстың адами әлеуетті дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      024 "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" кіші функциясында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      223 "Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 030 және 032 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      224 "Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 030 және 032 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      261 "Облыстың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      052 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      360 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      038 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      753 "Облыстың адами әлеуетті дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      052 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру" кіші функциясында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 119, 120 және 121 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "119 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      120 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі қызметтер

      121 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен жоғары оқу орындарында коворкинг аймақтарын ашу жөніндегі қызметтер";

      261 "Облыстың білім басқармасы", 360 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы" және 753 "Облыстың адами әлеуетті дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      057 "Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 және 032 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:

      261 "Облыстың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" кіші функциясында:

      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      027 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      136 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "136 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      мынадай мазмұндағы 144 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "144 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      049 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" және 355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      006 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      005 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      010 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      2 "Әлеуметтiк көмек" кіші функциясында:

      327 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік әл-ауқат басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      003 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" және 030 "Жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      333 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      003 "Жұмыспен қамту бағдарламасы", 004 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" және 030 "Жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      003 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" және 030 "Жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      801 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      004 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      266 "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік жөніндегі іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 030 және 032 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      068 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      100 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне еңбек нарығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне еңбек нарығын дамытуға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      мынадай мазмұндағы 102 және 103 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "102 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне еңбек нарығын дамытуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      103 Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанғандар үшін тұрғын үйді сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      мынадай мазмұндағы 080 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "080 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен тұтынушылық кредиттер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу жөнінде жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ға нысаналы аударым";

      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      019 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған, ағымдағы іс-шараларды іске асыру" және 037 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламалары бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:

      249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      228 "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      102 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "102 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      мынадай мазмұндағы 116 және 117 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "116 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      117 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бюджеттік бағдарламалары бар 098 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "098 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанғандар үшін тұрғын үйді сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      314 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жайлы қалалық орта басқармасы", 341 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" және 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      098 "Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында:

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" кіші функциясында:

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" және 741 "Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      037 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 033 кіші бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "033 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатынан кредит беру есебінен";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" кіші функциясында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      264 "Облыстық бюджеттерге нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 030 және 032 кіші бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:

      2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кіші функциясында:

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы", 288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы", 314 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жайлы қалалық орта басқармасы", 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" және 724 "Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" кіші функциясында:

      335 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу";

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 129 және 130 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "129 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ағымдағы іс-шаралар өткізу

      130 Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады