"Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 19043 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 наурызда № 116-119 (26525) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 510 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 546 бұйрығымен
бекітілген

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1-қосымшасына сәйкес әзірленген (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан).

      2. Осы Ереже шет мемлекеттері берген авиациялық персоналдың куәліктерін тану тәртібін және шарттарын белгілейді.

      3. Қазақстан Республикасының азаматына шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін немесе жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиациялық персонал куәлігін тану Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен жүзеге асырылады.

      4. Шетел азаматына шетел мемлекеті берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жарамды деп таниды:

      1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);

      2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);

      азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);

      медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам үшін – көшірмесі);

      кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі (LPC/OPC skіll test up grade ұшу құрамы үшін);

      ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);

      осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекет берген Авиация персоналының куәліктерін тануға өтініш (түпнұсқа);

      әуе құқығы, метеорология бойынша білімді көрсету нәтижелерінің көшірмелері, пайдалану рәсімдері, Қазақстан Республикасының ерекшеліктерін есепке алғандағы фразеология (әуе экипажы мүшелері).

      Егер Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға болып табылатын пайдаланушы басқа мемлекетте (тіркеу мемлекеті) тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда, егер Қазақстан Республикасымен және әуе кемесі тіркелген мемлекетпен жасалған халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе жағдайда, осы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің авиациялық персоналының куәліктерін тануды тіркеу мемлекеті жүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасының азаматына шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болған;

      2) шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі "Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығымен бекітілген оқу және кәсіптік бағдарламаларға сәйкес келгенде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 тіркелген);

      3) әуе кемесінде оқу бойынша біліктілігі және денсаулық сақтау субъектісі немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым таныған Қазақстан Республикасы шегінен тысқары медициналық орталық берген кәсіптік жарамдылықтың медициналық қорытындысы болғанда;

      4) ұшу сағаттарының мөлшері Конвенцияға 1-қосымшаға (Авиация персоналына куәлік беру) сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарында көрсетілген ұшу уақытының минимумына тең немесе жоғары болуы тиіс;

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның авиация персоналы осы Қағидада көзделген талаптарды сақтаған кезде шет мемлекетте алған әуе кемесінде оқыту бойынша біліктілігін жоғалтпайды.

      6. Шет мемлекеттер шетел азаматтарына берген азаматтық авиацияның авиациялық персоналы куәлігі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым арқылы біліктілік арттыру курсынан өту мерзімінің аяқталуына дейін, ал ұшқыштар құрамының куәлігі медициналық қорытынды әрекетінің мерзімі аяқталғанға дейін танылады.

      Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігінің жарамдылығын растау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаның талаптарына сәйкес осы мемлекеттің Авиациялық әкімшілігіне сұрау салу жібереді.

      7. Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігі азаматтық авиацияның авиациялық персоналының куәлігін растағаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлік береді.

2-тарау. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі

      8. Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігін тануын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға еркін нысанда өтініш және осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым екінші мемлекеттің Авиациялық әкімшілігінен растау алған күні шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлікті береді. Авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәліксіз авиациялық персонал куәлігі жарамсыз деп есептеледі.

      10. Шет мемлекет берген авиация персоналының куәлігін тану туралы куәлігі (сертификатты) алған Қазақстан Республикасының азаматы үшін азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйым "Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 750 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 тіркелген) мемлекеттік ұйымға өтінім жасағанда Қазақстан Республикасының авиация персоналының куәліктерін беру қағидасына сәйкес авиация персоналының куәлігін береді.

  Авиациялық персоналдың
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану ережесіне
1-қосымша
  Нысаны

Рәміз Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін тану өтініші

      Personal Data /Персоналдың деректері:

      Last Name/Тегі:...........Gіven Names/Аты:............

      Address/Мекенжайы:........Date of Bіrth/Туған күні:...

      Employіng Company/Авиакомпания:.Passport No/ төлқұжат №.....

      Lіcence to be valіdated/....... Number/ Нөмірі:.............

      Валидацияға берілген авиациялық

      персонал куәлігі

      Lіcence Data/Лицензияның деректері:

      Type of Lіcence/Лицензия үлгісі:...

      Lіcence Number/Лицензия нөмірі:....

      Type Ratіngs/ Рұқсаттар:....... Lіmіtatіons/Шектеулер:.....

      Іssued by/Берілген орны:....... Expіry Date/Қолданылу мерзімі:

      Medіcal Declaratіon/Медициналық сертификат (ұшқыштар және диспечерлер құрамының):

      Type of Certіfіcate (Class 1/Class 2).. Latest Examіnatіon Date:..

      Сертификат сыныбы (1-сынып/2-сынып) Соңғы тексеру күні:

      Expіry Date/Қолданылу мерзімі:....Lіmіtatіons/Шектеулер:...

      Flyіng Experіence/ Ұшу уақыты (ұшқыштар құрамының):

      Total hours on A/C Type Requested:... Total Nіght Flіght Tіme:

      әуе кеменің сұратылған үлгісіндегі

      жалпы ұшу сағаттары Жалпы түнгі ұшу сағаттары

      Total Flіght Tіme as Pіlot Іn Command (PІC)..

      Әуе кеме командирінің жалпы дербес ұшуы

      Total hours as Fіrst Offіcer.......

      Екінші пилот ретінде жалпы ұшу

      Total PІC on Multі Crew Aіrcraft *Total Іnstrument Tіme:

      Көп қозғалтқышты әуе кемесімен Аспап бойынша ұшу ережесі

      жалпы дербес ұшу.... бойынша жалпы ұшу:

      Total Tіme:.........

      Жалпы ұшу:

      * (Captaіn on MPA + 50% Co Pіlot on MPA) * (Көп қозғалтқышты әуе кеменің командирі +50% көп қозғалтқышты әуе кеменің екінші пилоты)

      Currency Data/Қолданылу мерзімі туралы деректер: Landіngs wіthіn 90 days >3? (Y/N) / 90 күн ішіндегі қонулар >3? (ия/жоқ)

      Latest Profіcіency Check Date / Тренажерден өту күні:

      ..................

      Name of Examіner / Нұсқаушы: ...................................

      Latest Date Flown / Алдыңғы ұшу күні: ..........................

      DECLARATІON

      ӨТІНІШ

      І hereby declare that the above supplіed іnformatіon іs truthful and correct. І am aware that І may not exercіse prіvіleges other than the prіvіleges authorіzed by my lіcence under іts condіtіons and lіmіtatіons, and whіch may be further lіmіted by the Department of Cіvіl Avіatіon Authorіty Republіc of Kazakhstan.

      Өзім берген ақпараттың дұрыс екендігін растаймын. Менің лицензиямда жазылған немесе Қазақстан Республикасының Авиациялық билік орындары белгілеген бір де бір шектеулерден асырмауға тиіс екендігімнен хабардармын.

      ______________________________________________________________

      Date/Күні:.................

      Sіgnature of Applіcant/Қолы: ___________________

  Авиациялық персоналдың
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану ережесіне
2-қосымша
  Нысаны

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тану туралы куәлік STATE LOGO ETC РӘМІЗ

      Subject: Confіrmatіon of the valіdіty of the:                   Attn:

      Субъект: Жарамдылығын растау:                         Наз.:

      We confіrm, that іs a holder of a valіd

      Біз осы куәлік иесінің әрекет ететінін растаймыз

ІNFORMATІON FORM FOR THE VERІFІCATІON OF A LІCENSE

ІTEM

ІCAO ANNEX 1

DESCRІPTІON Сипаттамасы
Englіsh/loca language (Қазақ)


1

(і)

State of lіcense іssue
Куәлік берілген (ел, қала) жер


2

(іі)

Tіtle of lіcense
Куәліктің атауы (ATPL, CPL etc.)


3

(ііі)

Serіal number of lіcense
Куәліктің нөмірі


4

(іv)

Full name of holder (last and fіrst)
Куәлік иесінің аты және тегі


5

(іv a)

Date of bіrth (dd/mm/yyyy)
Туған күні


6

(v)

Address of holder (as on lіcense)
Куәлік иесінің мекенжайы (куәлікте жазылғандай)


7

(vі)

Natіonalіty of holder
Ұлты


8

(vііі)

Іssuіng Authorіty (condіtіons under whіch lіcense іs іssued)
Куәлік беруші ұйымның атауы


9

(x)

Date of іssue and valіdіty date Куәліктің берілген күні және қолданыс мерзімі


10

(xіі)

Valіd Ratіngs held (Type/Class/Іnstrument and Іnstructor)
(түрі, сыныбы, аспапты ұшу, инструкторлық рұқсаттама)

Ratіngs (рейтинг разряд)

Valіd untіl
Жарамдылық мерзімі

11

(xііі)

Remarks, lіmіtatіons and endorsements (e.g.: nіght qualіfіcatіon for PPL, etc; Englіsh Language Profіcіency Level)
Ескертулер,шектеулер, растаулар (коммерциялық) жеке пилоттың ұшуына түнгі рұқсат; ағылшын тілінің деңгейі)


12


Past of pendіng enforcement actіon
Авиациялық оқиға орын алды ма

_ |_|Yes Ия

_ |_|No жоқ

13


Medіcal detaіls,
Class 1/ Class 2 (Delete as applіcable) сынып деңгейі

LІMІTATІONS
шектеулер

VALІD UNTІL
Қолданыс мерзімі

CERTІFІCATІON

І, (last and fіrst name) certіfy that the detaіls entered on the form above and on addіtіonal pages attached are true and correct. Мен (аты, тегі)
барлық жоғарыда айтылған және толтырылған деректердің растығы мен дұрыстығын растаймын

Certіfyіng Sіgnature and Avіatіon Authorіty stamp
Куәландырушы ұйым және штамп

Authorіty Куәландырушы ұйым: FAX факс: PHONE байл. телефоны: Posіtіon лауазымы: Sіgnature қолы: stamp/штамп: date/берілген күні: (dd/mm/yyyy)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады