"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 шілдеде № 19075 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.03.2020 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" және 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" жарлықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.";

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Дінтану сараптамасын жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарға жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады