"Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 178/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Электрондық үкіметті" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 26 шілдедегі №178/НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы;

      Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсы;

      Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсы;

      Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстары (economy.gov.kz, kds.gov.kz, kremzk.gov.kz, kzpp.gov.kz);

      Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      Түркістан облысы Қазығұрт ауданының интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің интернет-ресурсы;

      Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының интернет-ресурсы.

      2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілері:

      1) ақпараттық жүйелер:

      "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      "электрондық үкіметтің" шлюзі;

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;

      статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;

      голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;

      акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);

      интеграциялық деректер қоймасы;

      "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;

      қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;

      "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      "e-learnіng" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;

      "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;

      "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;

      "Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;

      "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;

      "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;

      "Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі;

      "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;

      "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;

      "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;

      "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі.

      2) аппараттық-бағдарламалық кешендер:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады