Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 609 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 тамызда № 19185 болып тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 609 бұйрығымен
бекітілген

Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу қағидалары "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес әзірленді және автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағидалар).

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі - тасымалдаушы) - жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы - метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото-бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы (бұдан әрі - ААӨҚ);

      3) жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің тізілімі - ААӨҚ-да қалыптастырылатын жүктерді жүк таситын және мамандандырылған көлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызмет көрсететін қызметті жүзеге асыратын тасымалдаушылардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі - Тізілім).

2-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу тәртібі

      3. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу жүктерді жүк таситын және мамандандырылған көлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнайы автомобильдермен қызмет көрсететін қызметті жүзеге асыратын тасымалдаушылардың бірыңғай тізімді қалыптастыру мақсатында автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер жүргізеді.

      4. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу үшін тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мыналарды көрсете отырып, ұсынады:

      1) заңды немесе жеке тұлғаның атауын;

      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) заңды немесе жеке тұлғаның көлік құралдарының типі, саны;

      4) көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;

      5) заңды немесе жеке тұлғаның орналасқан жері (облыс, қала (кент, ауыл), көше, үй, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы);

      6) қызмет, көрсетілетін қызмет түрі.

      5. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімше жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.

      6. Тасымалдаушымен толық емес мәліметтерді көрсете отырып өтінішті ұсынған жағдайда автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтінішті қабылдаудан бас тартады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 609 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің БСН, ЖСН)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (көлік құралының типі, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның орналасқан жері (облыс, қала (кент, ауыл),

      көше, үй, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қызмет, көрсетілетін қызмет түрі)

      20___ ж. "____" ________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 тамыздағы
№ 609 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің тізілімі


р/с

Заңды немесе жеке тұлғаның атауын

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Заңды немесе жеке тұлғаның көлік құралдарының типі, саны

Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

Заңды немесе жеке тұлғаның орналасқан жері (облыс, қала (кент, ауыл), көше, үй, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы)

Қызмет, көрсетілетін қызмет түрі


1

2

3

4

5

6

1








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады