"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес республикалық маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ереже;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 607 бұйрығына 1-қосымша |
Республикалық маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың мақсаты, міндеттер мен жұмыс істеуін айқындайды.
2. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақта қызмет Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Үлгілік ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
2) республикалық маңызы бар индустриялық аймақ – республикалық бюджеттен толық не ішінара қаржыландырылуын жүзеге асыру болжанған жағдайдағы индустриялық аймақ; немесе Заңның 24-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін мәртебе алған индустриялық аймақ;
3) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
4) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;
5) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;
6) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
2-тарау. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың мақсаты мен міндеттері
4. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
5. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы жеке кәсіпкерлікті жеделдетілген дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға шығындарды оңтайландыру;
3) өндірістің тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
3-тарау. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарылуы және жұмыс істеуі
6. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде кемінде жиырма жыл мерзімге құрылады.
7. Уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру және оның аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
8. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақ осы индустриялық аймақтың құрылу мерзімі өткен соң таратылады.
9. Осы Үлгілік ереженің 6-тармағында көрсетілген индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ұзартылады.
10. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақ қызметі басқарушы компаниямен үш жылдық кезеңге бекітілетін индустриялық аймақтың даму стратегиясына, сондай-ақ Заңның 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленетін даму жоспары және оның инфрақұрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақта қатысушылардың қызметі индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынуды республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау Заңның 11-бабы 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау . Қорытынды ережелер
14. Осы Үлгілік ережемен реттелмеген республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 607 бұйрығына 2-қосымша |
Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың мақсаты, міндеттер мен жұмыс істеуін айқындайды.
2. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қызмет Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Үлгілік ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) индустриялық аймақ – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы қызмет объектілерін орналастыру және пайдалану үшін берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
2) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ – жергілікті бюджеттен толық не ішінара қаржыландырылуын жүзеге асыру болжанған жағдайдағы, индустриялық аймақ;
3) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы – индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңға сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
4) индустриялық аймақтың қатысушысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын, олармен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан дара кәсіпкер, заңды тұлға;
5) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;
6) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
2-тарау. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың мақсаты мен міндеттері
4. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
5. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды басқару саласындағы жеке кәсіпкерлікті жеделдетілген дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға шығындарды оңтайландыру;
3) өндірістің тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
3-тарау. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарылуы және жұмыс істеуі
6. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде кемінде жиырма жыл мерзімге құрылады.
7. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру және оның аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
8. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ осы индустриялық аймақтың құрылу мерзімі өткен соң таратылады.
9. Осы Үлгілік ереженің 6-тармағында көрсетілген индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша ұзартылады.
10. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қызметі басқарушы компаниямен үш жылдық кезеңге бекітілетін индустриялық аймақтың даму стратегиясына, сондай-ақ Заңның 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленетін даму жоспары және оның инфрақұрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қатысушылардың қызметі индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, индустриялық аймақтың аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынуды өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
13. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау Заңның 11-бабы 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау . Қорытынды ережелер
14. Осы Үлгілік ережемен реттелмеген өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.