"Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19220 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке шоттарды жүргізу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 33-1-тармағымен толықтырылсын:

      "33-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы 57-1-бабының ережелерін қолдану мақсатында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген:

      1) бересі бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы:

      2018 жылғы 1 қазанға салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген "Төлем сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+)" деген бағанда;

      "Есептелген" деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

      қосымша салықтық есепті ұсыну жолымен салық төлеушінің есептелген "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

      2) өсімпұл бойынша - өсімпұл сомасы:

      2018 жылғы 1 қазанға салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген "Өсімпұл сальдосы (+,-)" деген бағанда;

      "Есептелген өсімпұл" деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

      қосымша салықтық есебі бойынша уақытылы төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем үшін есептелген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген, "Есептелген өсімпұл" деген бағанда көрсетілген және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төленбеген;

      3) айыппұл бойынша - салық төлеушінің жеке шотында салықтың сол түрі және ол бойынша бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша көрсетілген айыппұл сомасы:

      "Айыппұл сальдосы" деген бағанда (+,-)" 2018 жылғы 1 қазанға;

      "Есептелген айыппұл" деген бағанда тексеру нәтижесі бойынша қосылған, "Есептелген" деген бағанда есептелген салық сомасы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген сома айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады