"Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 19364 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8780 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ғ. Нұрдәулетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      ___________________________

      2019 жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 102 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің лауазымдары санаттары үшін біліктілік талаптары

Санат

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар

Білімі, икемі және дағдыларына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның орталық аппараты

C-GP-1

Аппарат басшысы
Қызмет бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары

1) прокуратура органдарында он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-GP-2

Департамент бастығы
Қызмет бастығының орынбасары
Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі

1) прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GP-3

Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары
Дербес басқармасының бастығы 

1) прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің,
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GP-4

Бас прокуратураның басқарма бастығы
Дербес басқарма бастығының орынбасары
Бас Прокурордың аға көмекшісі 

1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GP-5

Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары
Бас прокуратура бөлімінің бастығы
Бас Прокурордың кеңесшісі, көмекшісі

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, 3) не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GP-6

Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің, аға прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не мемлекеттік қызметте алты жылдан кем емес өтілінің,
3) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GP-7

Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің,
3) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Бас прокуратураның облыстық органдары

C-ОGP-1

Облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – облыс прокуроры)

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары

1) прокуратура органдарында он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарында он төрт жылдан, оның ішінде бес жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында он екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы

C-ОGP-2

Облыс прокурорының бірінші орынбасары

1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарында он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында он жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы,
4) немесе мемлекеттік қызметте он екі жылдан, оның ішінде алты жылдан кем емес басшы лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы

C-ОGP-3

Облыс прокурорының орынбасары

1) прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарында он жылдан, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы, 3) немесе судья лауазымында тоғыз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы,
4) немесе мемлекеттік қызметте он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-ОGP-4

Облыс прокуратурасы басқармасының бастығы,
Облыс прокурорының аға көмекшісі

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-ОGP-5

Облыс прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе келесі төмендегі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
3) немесе мемлекеттік қызметте жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-ОGP-6

Облыс прокуратурасы бөлімі бастығы,
Облыс прокурорының көмекшісі

1) прокуратура органдарында төрт жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда алты жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-ОGP-7

Облыс прокуратурасы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-ОGP-8

Облыс прокуратурасы басқармасының, бөлімінің прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Бас прокуратураның аудандық органдары

C- RGP -1

Қала, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – қала, аудан прокуроры)

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары

1) прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе орталық аппаратта екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы,
4) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес,
5) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C- RGP -2

Қала, аудан прокурорының орынбасары

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
3) немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C- RGP -3

Қала, аудан прокуратурасы бөлімінің бастығы

1) прокуратура органдарында үш жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда үш жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте төрт жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C- RGP -4

Қала, аудандық прокуратуралары прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте екі жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C- RGP -5

Қала, аудандық прокуратуралары прокуроры

 еңбек тәжірибесі қажет емес

C- RGP -4

Республикалық маңызы бар қала, астананың аудандық прокуратураларының аға прокуроры

1) прокуратура органдарында келесі төменгі санаттағы лауазымдарда қызметтің бір жылдан кем емес өтілінің болуы

Бас прокуратура жанынжағы Құқық қорғау органдарының академиясы (бұдан әрі – Академия)

C-АGP-1

Академияның бірінші проректоры

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарында он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында алты жылдан кем емес өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-АGP-2

Академия проректоры

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында алты жылдан кем емес өтілінің,
5) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-АGP-3

Академия Аппараты басшысы
Академия институтының директоры
Академия профессоры

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында алты жылдан кем емес өтілінің,
5) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-АGP-4

Академия институты директорының орынбасары

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында бес жылдан кем емес өтілінің,
5) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Академия факультетінің деканы

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, ғылыми дәрежесі

C-АGP-5

Академия басқармасының бастығы
Академия ректорының көмекшісі

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Академияның орталық бастығы
Академияның кафедра меңгерушісі
Академияның бас ғылыми қызметкер
Академияның Оқу кеңесінің хатшысы

жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, ғылыми дәрежесі және/ немесе әділет кеңесшісінен, подполковниктен төмен емес сыныптық шені, арнайы (әскери) атағы болуы

1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында үш жылдан кем емес өтілінің,
4) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында үш жылдан кем емес өтілінің,
5) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-АGP-6

Академия бөлімінің бастығы
Академия кезекші бөлімінің бастығы

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Академия жетекші ғылыми маманы
Академия доценті

жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ғылыми дәрежесі және (немесе) кіші әділет кеңесшісінен, майордан төмен емес сыныптық шені, арнайы (әскери) атағы болуы

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында екі жылдан кем емес өтілінің,
4) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында екі жылдан кем емес өтілінің,
5) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-АGP-7

Академия басқармасының, бөлімінің аға прокуроры

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не мемлекеттік қызметте алты жылдан кем емес өтілінің,
3) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Академияның аға ғылыми қызметкері
Академияның аға оқытушысы

жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің,
3) не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте жеті жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-АGP-8

Академия басқармасының, бөлімінің прокуроры
Академия басқармасының, бөлімінің инспекторы
Академияның ғылыми қызметкері
Академия оқытушысы

жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) мемлекеттік қызметте, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бір жылдан кем емес өтілінің болуы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Орталық аппараты (бұдан әрі - Комитет)

C-KGP-1

Комитет төрағасының орынбасары

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-KGP-2

Комитет басқармасының бастығы

1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-KGP-3

Комитет бөлімінің бастығы

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-KGP-4

Комитет басқармасының, бөлімнің аға прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес өтілінің,
3) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-KGP-5

Комитет басқармасының, бөлімнің
Прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің,
2) не мемлекеттік қызметте төрт жылдан кем емес өтілінің,
3) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Комитеттің облыстық органдары

C-OKGP-1

Комитеттің облыстық органының бастығы

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес
2) немесе құқық қорғау органдарында он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы
3) немесе судья лауазымында он жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы
4) немесе мемлекеттік қызметте он екі жылдан, оның ішінде алты жылдан кем емес басшы лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-OKGP-2

Комитеттің облыстық органы бастығының орынбасары

1) прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарында он жылдан, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында тоғыз жылдан кем емес,
4) немесе мемлекеттік қызметте он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-OKGP-3

Комиеттің облыстық органы басқармасының бастығы

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы
3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-OKGP-4

Комитеттің облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе келесі төмендегі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-OKGP-5

Комитеттің облыстық органының бөлім бастығы

1) прокуратура органдарында төрт жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда алты жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-OKGP-6

Комитеттің облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-OKGP-7

Комитеттің облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры

еңбек тәжірибесі қажет емес

Бас әскери прокуратураның Орталық аппараты

C-VP-1

Бас әскери прокурор

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес
2) немесе құқық қорғау органдарында он төрт жылдан, оның ішінде бес жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы
3) немесе судья лауазымында он екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-VP-2

Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары

1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарында он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында он жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы,
4) немесе мемлекеттік қызметте он екі жылдан, оның ішінде алты жылдан кем емес басшы лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы

Бас әскери прокурорының орынбасары

1) прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарында он жылдан, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшы лауазымдарда қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында тоғыз жылдан кем емес,
4) немесе мемлекеттік қызметте он бір жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-VP-3

Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы
Бас әскери прокурордың аға көмекшісі

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-VP-4

Бас әскери прокуратура басқармасы бастығының орынбасары

1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе келесі төмендегі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Бас әскери прокуратурасының бөлім бастығы
Бас әскери прокурордың көмекшісі

1) прокуратура органдарында төрт жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда алты жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-VP-5

Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің аға әскери прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-VP-6

Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің әскери прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-VP-7

Бас әскери прокуратураның нұсқаушы - сержанты
Бас әскери прокуратураның бөлімше бастығы аға маман маман

арнайы орта

еңбек тәжірибесі қажет емес

Бас әскери прокуратураның аймақтық органдары

C-RVP-1

Аймақ әскери прокуроры

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе орталық аппаратта екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-RVP-2

Аймақ әскери прокурорының бірінші орынбасары

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
3) немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-RVP-3

Аймақ әскери прокурорының орынбасары

C-RVP-4

Аймақ әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы

1) прокуратура органдарында үш жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда үш жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте төрт жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Аймақ әскери прокуратурасының аға прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте екі жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-RVP-5

Аймақ әскери прокуратурасының прокуроры

еңбек тәжірибесі қажет емес

C-RVP-6

Аға маман
Маман

арнайы орта

еңбек тәжірибесі қажет емес

Бас әскери прокуратураның гарнизондардағы прокуратуралары

C-GVP-1

Гарнизон, әскерлердің әскери прокуроры

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін

1) прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан немесе орталық аппаратта екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе судья лауазымында жеті жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы

C-GVP-2

Гарнизон, әскерлердің әскери прокурорының орынбасары

1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
3) немесе мемлекеттік қызметте алты жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда жеті жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GVP-3

Гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы

1) прокуратура органдарында үш жылдан кем емес,
2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда үш жылдан, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
3) немесе мемлекеттік қызметте төрт жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бес жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасының аға прокуроры

1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
2) немесе мемлекеттік қызметте екі жылдан кем емес,
3) немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

C-GVP-4

Гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасының прокуроры

еңбек тәжірибесі қажет емес

C-GVP-5

Аға маман
Маман

арнайы орта

еңбек тәжірибесі қажет емес

      Ескерту:

      Басшы лауазымдарға кірмейтін лауазымдарға басшы қызметтердегі еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.

      Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін, ғылыми дәрежесін, сыныптық шенін, арнайы (әскери) атағын ескерместен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) қызметке тағайындалуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады