ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қарулы Күштерде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ақша қаражатын жоспарлау осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жасалған Қарулы Күштерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспары және Азық-түлік қызметінің техникасымен және мүлкімен қамтамасыз ету жоспары (бұдан әрі – Қамтамасыз ету жоспарлары) негізінде әскери басқару органдарының барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қамтамасыз ету жоспарларын жасау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған әскери басқару органдары азық-түлік қызметтерінің лауазымды адамдары ағымдағы жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей азық-түлікпен қамтамасыз ету басқармасына құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің азық-түлік қызметтері ұсынатын жылдық есеп-өтінімдерде негізгі және қосымша үлестерді тәуліктік берудің қажетті мөлшеріне өтінім жолдайды.";
11-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жабдықталушылар үшін ЖТР сатып алу жолымен;";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қарулы Күштердегі жабдықталушылар азық-түлік үлестерінің құнын есептеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштер жабдықталушыларының азық-түлік үлестері құнының есебі пайдаланылады.";
14-тармақ алып тасталсын;
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету Жабдықтау нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін тамақтандыруды қамтамасыз ету тиісті кезеңге арналып бөлінген бюджет қаражаты лимиттері шегінде Жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамаларының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің асханаларында тамақтандыруды ұйымдастырудың мынадай тәсілдерімен жүзеге асырылады:";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. "Жас ұлан" республикалық мектептерінде оқу жоспарына, мектеп бастығының бекітілген күн тәртібіне сәйкес және тәрбиеленушілердің ниеттерін ескере отырып, бес рет тамақтану ұйымдастырылады.";
83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Нанды турау, қантты, майды мөлшерлеу және оларды беру үшін осы асханада тамақтанушылар есебінен:
500-ге дейін – 1 адам;
501-ден 1000-ға дейін – 2 адам;
1000-нан астам – 3 адам нан тураушы бөлінеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіп орнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 710 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
__________________________________ азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспары
(әскери бөлімнің (мекеменің) атауы)
р/с № | Әскери бөлім (мекеме) |
Қарауылға түсетін жеке құрам саны | Қарауылда қызмет өткерген кездегі қосымша үлес (адам тәулігіне) | Жауынгерлік кезекшілікке түсетін жеке құрам саны (адам тәулігіне) | Далалық шығуларға тартылатын жеке құрам саны (тәуліктік беру жылына)* | Қосымша үлес су (тәуліктік беру жылына) | Түскі аспен қамтамасыз етілетін офицерлер құрамымен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер саны | Тамақтандырумен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпыәскери үлестің құны мөлшеріндегі ақшалай өтемақы | Жалпыәскери үлес | Инженерлік-техникалық үлес | Одан әрі тиісті нормалар бойынша, оның ішінде қосымша үлестер бойынша |
1 | 00000 | ||||||||||
2 | Жеке құрам санының жиыны | ||||||||||
3 | Күндер санының жиыны | ||||||||||
Барлық тәуліктік беру | |||||||||||
1 | Барлық әскери бөлімдермен мекемелер бойынша | ||||||||||
2 | "Солтүстік" өңірлік қолбасшылығы | ||||||||||
3 | Жеке құрам санының жиыны | ||||||||||
4 | Күндер санының жиыны | ||||||||||
Өңірлік қолбасшылық үшін барлық тәуліктік беру | |||||||||||
1 | Барлық өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері бойынша | ||||||||||
2 | Құрлық әскерлері | ||||||||||
3 | Жеке құрам санының жиыны | ||||||||||
4 | Күндер санының жиыны | ||||||||||
Құрлық әскерлері үшін барлық тәуліктік беру |
*далалық шығулар кезінде, оқу-жаттығуларда, маневр жасауда, полигондарда:
роталық-тактикалық оқу-жаттығулар жылына____ рет___ күннен;
батальондық-тактикалық оқу-жаттығулар жылына____ рет___ күннен;
батальонның далалық шығуы жылына____ рет___ күннен;
одан әрі далалық шығулармен іс-шаралар бойынша қамтамасыз етіледі.
Жиыны: _____күн.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 710 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
_______ азық-түлік қызметін техникамен және мүлікпен қамтамасыз ету жоспары
(әскери бөлімнің (мекеменің) атауы)
Р/с № | Техникалық құралдар (мүлік) атауы | Ұстауға тиіс | Қолда бар | Ескертпе | |||||
Барлығы: | 1-санат | 2-санат | Жөнделуге тиіс | 5-санат (есептен шығарылуға тиіс) | |||||
3-санат | 4-санат | ||||||||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 710 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің азық-түлік үлестері құнының есебі
1. Азық-түлік үлестерінің құнын қалыптастыру келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті жоспарлау процесінде жүзеге асырылады.
2. Осы Есептің 2-тармағында көрсетілген азық-түлік үлестерінің құнын қалыптастыру кезінде мынадай құрамдастар негізге алынады:
1) жабдықтау нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерінің тізбесі және олардың мөлшері;
2) жабдықтау нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдерінің, азықтың орташа жылдық бағасы;
3) жоспарлы кезеңге арналған елді әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамының деректеріне сәйкес жоспарланған жылдық инфляцияның деңгейі.
3. Азық-түлік өнімдерінің орташа бөлшек бағасы статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес оның ресми сайтында жарияланатын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес айқындалады. Бұл ретте азық-түлік өнімдерінің орташа бөлшек бағасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқорында көрсетілген іс жүзіндегі орташа бағадан аспауға тиіс.
Азық-түлік өнімдерінің жылдық орташа құнының есебі орташа арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады:
С – азық-түлік өнімінің жылдық орташа құны;
Ц1 – өткен жылдың ақпанына арналған азық-түлік өнімінің құны;
Ц2 – өткен жылдың наурызына арналған азық-түлік өнімінің құны;
Ц3 – өткен жылдың сәуіріне арналған азық-түлік өнімінің құны;
Ц12 – ағымдағы жылғы қаңтарға арналған азық-түлік өнімінің құны.
4. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қандай да бір азық-түліктің түріне деректер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен азық-түліктің әлеуетті жеткізушілерінен кемінде үш баға ұсынысы негізге алынады. Осындай жағдайда азық-түлік өнімдерінің орташа жылдық құнының есебі әлеуетті жеткізушілер азық-түлік өнімдеріне ұсынған бағадан орташа арифметикалық көрсеткішті алу жолымен жүзеге асырылады.