"Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 74 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 қыркүйекте № 19408 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.02.2024 № 31/қе (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте "Казахстанская правда" № 271 (27545), "Егемен Қазақстан" № 209 (28148) республикалық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған адамның өтініші бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкімшілігі, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етіледі. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі міндетті.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңмасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға К. Масимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады