"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 19416 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 10 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.03.2024 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11819 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларында:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

Жедел

Аумақтық статистика органдарында статистикалық зерттеулерді жедел жүзеге асыруға арналған арнайы автокөлік құралдары*

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті

18

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті

12

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаменті

20

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті

7

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті

19

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті

11

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті

13

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті

18

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаменті

20

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті

9

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті

6

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Павлодар облысының Статистика департаменті

13

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті

13

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті

16

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады